Әкені сыйламаған әйел
Айдана келін болып түскенде бұл үй мүлде басқа еді. Енесі – Салиха, қайын әпкелері Гүлзира мен Мерует бәрі жылы қарсы алғандай көрінді. Қайын атасы – Оразбай ақсақал ғана үнсіз, бірақ жылы жүзбен батасын беріп еді.
Алғашқы күндері үйде тыныштық болды.
Айдана да қолынан келгенінше көмектесіп, қайын жұртына сыйлы келін болуға тырысты.
Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгерді…
Салиха әже біртіндеп шын бейнесін көрсете бастады. Күйеуі Оразбай ақсақалға күнде жекіріп сөйлейтінді шығарды.
Қартайғанда төрге шыққысы келеді екен, осы күнге дейін не істеп едің?! Бар да сарайда жат! деп дауысын көтеретін.
Айдана мұндай сөздерді алғаш естігенде
таңырқап, жан дүниесі қиналды. Алайда
Оразбай ата үндемейтін. Көзінде бір ғана
мұң тұратын.
Күндердің күнінде Салиха әже шынымен де: Сарай бос тұр, барып сонда ұйықта! — деді.
Ақсақал үндемей бұрылып, ескі киімін алып сарайға беттеді. Айдана көзіне жас алып, терезеден қарап тұрды. Бірақ үндей алмады.
Себебі бұл үйде оған сөз айту — орынсыз.
Қайын әпкелері Гүлзира мен Мерует күнде бір-бірімен ұрысып, үйдің берекесін кетіретін. Бірінің айтқанына бірі көнбей, шаңырақтың тыныштығын бұзатын. Ал Айдана солардың арасында өзін бөтен сезіне берді.
Күндер өте келе, үйдің іші тіпті салқын тарта бастады. Екі әпкесі де тұрмысқа шықты.
Бірақ бақыт таппады. Гүлзира баласымен ажырасып келді, Мерует болса, күйеуінің үйінде күн көре алмай жалғыз қайтты. Екеуі де ашулы, өкпелі, бойларынан мейірім кетіп қалғандай.
Сол кезде Айдана шын ұққан еді — бұл үйде әкені сыйламаған әйелдер өз бақытын да таба алмайды екен. Оразбай ата болса, сол күйі сарайда тұрып жатты. Арасында мүлде жоғалып кетіп, далада түнейтін де болған.
Бір күні Айдана шыдай алмай:
Әке, сізге бұл үйде орын жоқ па сонша?
деп көзіне жас алып сұрады.
Қария күрсініп:Мен бұл үйдің иесі болсам да, жүрегі бола алмадым, қызым… — деді.
Жалғасы
Күндер өте берді. Оразбай ақсақал сарайда күнелтіп жүрді. Таң ата сыртқа отын жарып, сиырдың суын беріп, қораны тазалайды. Тек кешке ғана үйге кіріп, бір кесе шай ішіп қайта шығады. Үйдің ішінде оған орын жоқ еді.
Айдана болса, іштей тұншығып жүрді. Күйеуі Саян, анасының сөзінен аса алмайтын жұмсақ мінезді жігіт еді. «Әкемді үйге кіргізейік» десе, анасы шу шығаратын, «енемнен жаман боларсың» деп келініне тіл тигізетін.
Күндердің күнінде үлкен әпкесі Гүлзира баласымен төркініне көшіп келді. Бала жылап, үйдің ішінде ұрыс көбейді. Бір аптадан соң Мерует те ажырасып келді. Ол тіпті ашу үстінде:
Еркек атаулыға сенім жоқ! – деп айқайлады.
Салиха ене болса, әлі де өз айтқанынан қайтпай, бұрынғыдай үкім жүргізіп жүрді. Екі қызы да оның мінезін қайталап, ешкімге бағынбай, өз айтқандарын ғана дұрыс санайтын болды. Үйдегі тыныштық жоғалған.
Айдана бір кеште Оразбай атаға тамақ апарған кезде, қарияның жүзі әдеттегіден бетер жүдеп тұрғанын байқады. Үстіндегі шапаны жыртылған, аяқ киімі су сіңіріп алған екен. Әке, бұлай жүре беруге болмайды. Үйге кіріңізші, өтініш. тыя алмай. деді Айдана көз жасын
Жо-жо, қызым, мен үйге лайық емеспін. Қыздарым мен кемпірім маған жүрек төрін емес, сарайдың түбін бұйыртты. Мен сонда- ақ тынышпын…
Сол түні Айдана ұйықтай алмады. Таң ата есік алдына шықса, сарайдың есігі ашық, ішінде ешкім жоқ. Қария далада құлап жатқан еді… денесі мұздап кетіпті.
Айдана аңырып тұрып қалды. Жүрегі зырқ ете қалды. Үй ішін дүр сілкінткен қарияның өлімі еді…
Сол күні Салиха алғаш рет үнсіз қалды. Гүлзира мен Мерует те ештеңе демеді. Бірақ кеш еді.
Оразбай атаның жаназасына ауыл адамдары көп жиналды. Барлығы оның сабырлы, жуас адам болғанын айтып жатты. Бірақ ешкім оның соңғы күндеріндегі жалғыздығын білмейтін еді…
Сол күннен кейін Айдана түбегейлі өзгерді. Сол күпnen keiп лидапа түосірді.
Бұл үйге шын жүрекпен сыймағанын, енді бұл отбасыда өзінің де орны жоғын түсінді. Баласын қолына алып, күйеуінен рұқсат сұрап, кетіп қалды.
Кетерінде тек бір хат қалдырды:
«Әкені сыйламаған үй – құлауға таяу. Мен балама ондай тағдыр тілемеймін. Сіздер бір кездері бәрін жоғалтқандарыңызды енді ғана ұғарсыздар…»
Желіден алынды.