Әкенің баласына ықпалы

Ана – балаға өмір сыйлайды. Әке – өмір сүретін күш-қуат сыйлайды.

Әрине, әр адамның өмірінде ананың рөлі қаншалықты зор болса, сол секілді әкенің де рөлі зор. Ары қарай – көп нүкте…

Бұл көп нүкте отандық мәдениетімізге тән боп қалды. Бір халық бірнеше соғыс, революция, репрессия, аштық секілді катаклизмдерді бастан кешіп, азаматтарының тең жартысынан айырылады. Ең мықты жігіттерінен айырылды! Ары қарай ұрпақтан ұрпаққа «жоқ әкенің» феномені беріліп отырған. Бір қызығы бейбіт заманда өрістей берген. Отбасында, әлеуметтік ортада, мәдени, жеке-дара психологияды жалғасқан. Және әкелері тірі, қасында жүреді. Бірақ өшкен жарық сияқты. Отбасы өміріне араласпайды. Тәрбиеге мүлде салғырт. Не алыста, не баласының қолы жетпейтін жақта. Олардың рөлі түсініксіз, мейлінше ұсақталған, құнсызданған. Ерлерге тән қуат – әкемен байланыс көбіне жоғалып қалады, бұғатталады.

Әр оқырман әкенің рөлі адам өмірінің қандай саласына әсер ететінін білгісі келеді.

Осы тұста «әкем жетіспепті» дегенді қалай ажыратамыз? Әкеге қатысты тақырыптарды қамтимыз:

1. Сенімді болу: өзіңе сену, қауіпсіздікті сезіну, қорғалғаныңды білу.

2. Шекаралар тақырыбы: не істеуге болады, не істеуге болмайды; маған жасалған дүниенің қайсысы жақсы, қайсысы мүлде жаман.

3. Дара болу тақырыбы: Мен кіммін? Қандаймын?

4. Қарым-қатынас: ер мен әйел, бала мен ата-ана қатынасы.

5. Жетістікке жету: психологиялық есеюдің – өмірлік дағдарысты бастан кешу, инициация үдерістері.

6. Әлеуметпен қарым-қатынас: құрылымдық, иерархиялық, билікпен, жауапкершілік сезіну, жетістікке ұмтылыс; әлеуметпен ынтымақты болу, өзіңе лайық орын ала білу.

Бәрі әкенің кесірінен: Қарым-қатынас

1. Қарым-қатынас тақырыбы

Көшбасшы. Ер азаматпен алғашқы қатынас отбасында басталады. Оның үстіне ата-ананың қарым-қатынас сценариі бізге мұраға қалады. Әйелдер мен еркектер үшін екі түрлі болып дариды.

Әйелдер әкеге екі тарапта тіреледі:

Мен – әйелмін. Жыныстық бөлектігі. Жалпы да әкенің даралықты дамытуда алар орны зор. «Мен жақсы әйелмін, ақылдымын, сұлумын, сүйіктімін» дегеннің бәрі қызын мақтау мен мақтан тұтуынан басталады. Жетістікпен өлшенбейді, ол ұлдарға қатысты. Ерлердің даралығына қатысты. Ал мақтану – жай ғана қыз болғаның үшін, қызы болғаның үшін. Ерекше, өзгеше, еркектер сиқяты емессің. Кереметсің, кемелсің. Егер бұл кеңістік бос қалса, бірде бір еркек бұл кеңістікті толтыра алмайды. Егер әкенің әйел жынысына қатысты үрейі болса, «неге ұл тумадың?» десе, қызын құнсыздандырып өсірсе, ашу-ызасын қызынан алса, соның өшін қызы таңдап алған серігінен алмақ. Серігімізден мені мақта, тек дегеніме көне бер дегенді талап етеміз. Өзге әйелдерден қызғанып, бәсекеге түсіп жатамыз. «Ұл бала» сияқты болуға барымызды салып, жетістіктің бәріне ұмтыламыз. Бірақ бәрі мүлт кете береді… Себебі, ең басты қоржын – бос, әкенің махаббаты берілмей қалған. Әкенің махаббатына бөленіп өскен қыз бала тек бақытты өмір сүре бермек.

Бұдан ары екінші тарау басталады: серігіңді дұрыс таңдай алмау, мүлде жалғыз қалу не еркектерге деген талаптың күштілігі, наразылықтың көптігі. Мұндай қыздар алдын ала «бөтен» жанды таңдайды, не мүлде таңдамайды. Маңына жолатпайды. Бірақ қарым-қатынасты, махаббатты аңсайды. Немесе қарым-қатынаста бола тұрып, ештеңеге көңілі толмайды. Бәрі бекер. Кеңес берген кезде байқасам, серігінің түк кінәсі жоқ. Бар наразылық әкеге арналған. Әкесі жақсы көрмеген, не махаббатын көрсетпеген. Яки, өзін тым асқақ ұстап, оған ешбір еркек жетпейтіндей боп алған, мұндай кезде әйел серік таңдай алмай, тек әкенің жанында қала бермек. Немесе анасының еркектерге деген наразылығын сіңіріп алады да, сол сценариймен өмір сүреді. Сондай сәттерде біз сияқты кеңес беретін психологтар, әкені бірінші орынға шығарамыз. Бала мен әкенің қарым-қатынасын талдап, ер мен әйел қарым-қатынасын ретке келтіреміз. Әкенің мақтауын немен толтырсақ деп бас қатырамыз. Жүйедегі реттілікті қалыпқа келтіруге тырысамыз. Әкесімен біріккен қыздар ересек өмірге қадам басады. Өз еріне қарай.

Ер адамдарда екі тарапқа негізделеді:

Мен – Еркекпін (еркектің даралығы). Мұнда бәрі түсінікті: мен де әкем сияқтымын – немесе ондай болғым келмейді; әкеммен мақтанамын (яғни, өзіммен де мақтанамын) – немесе қатты ұяламын: ол мені көргісі келгендей емеспін, немесе керісінше – мен де сол сияқтымын ба? Әйелдерге қарағанда ұл балаларға әр ісіне, қабілетіне, жауапкершілігіне, жетістігіне әкенің мақұлдауы маңызды. Әкем сияқты болғым келеді… Әкем сияқтымын… Мәссаған, кей істе әкемнен де артық екенмін ғой! Ақырында – әкеме лайық ұлмын! Психологиялық жұмыс осы абыройды, құрметті, әкенің алдында өз ісін мақтан тұтуды қайтару бағытында жүреді. Өз бойынан әкелік болмысты қабылдау, мойындау. Оның мықты, осал мінезін қабылдау. Әр осалдықта бір күш жатыр. Және керісінше.

Отбасында ері және әке ретінде өзін ұстауы. Әкем анама не жасаушы еді? Маған ше? Әкем өзін еркек ретінде қалай ұстайтын? Әрекеттер мен соның ығында қалатын құндылықтар, әйел, отбасы хақындағы ұғымы, өзінің отбасындағы рөлі туралы пікірі байқалады. Және де дағдарыс кезінде өзін қалай ұстауы тиіс: ұрысқанда, қиын-қыстау кезде, сәтсіздікті бастан кешкенде, дағдарыс кезінде. Егер әкесі арақ ішіп, анасын ұрса, баласын ұрса, қарым-қатынастан өзін алыс ұстаса, өзінің міндетін дұрыс атқармаса, керек кезде оқшауланып, жоқ боп кетсе, психологиялық тұрғыда өзін тұйық ұстаса, ер бала осы айтылғанның бәрінде өзі отбасы құрғанда қатты қиналатын болады. Қит етсе, басын алып қашып, үйден кетіп қала беретінді шығарады. Ең қиын нұсқа – қарым-қатынастан басын алып қашады, өмірін тек жұмыспен толтырады. Жауапкершілігі жоқ қатынасқа уақытын жегізеді. «Дәрмегі» — ата-анасынан берілген сценарийден шығу; дәнді қауызынан аршып алуды үйрену, шын өмірді елестен айырып қарау; әкемен ересек қарым-қатынас құруды үйрену, іштегі әкені құрметтеу, өз бойыңдағы азаматтықты жетілдіру.

 

(жалғасы бар)

Мария Летучева

Аударған Шынар Әбілда