Әкенің шынайы келбеті:
1.Әкең жазғырған кезде, сені ешуақытта жек көрмейді;
2.Әкең қысым көрсетіп, мәжбүрлесе саған ең жақсыны қалағаны;
3.Әкеңнің үнсіз тұрғаны, сенің болашағың жайлы ойлағаны;
4.Саған үнемшілдік етсе, демек өзіне мүлдем қалмағанын біл;
5.Күрсінген кейпін көрсең, оның себебі сен;
6.Жүзінен күлкі көрсең, оны бақытты еткен сен;
7.Қатал бола бастаса, ақыл-кеңесіне құлақ түрмегенің;
8.Бөлменің есігін кілттеп алса, көзіне жас алғаны;
9.Әкеңе дауыс көтерген күні, оны өлтіргеніңді біл;
10.Өмірде жол таппай адаса бастасаң, әкеңді ашуландырғаныңды біл;
11.Әкең төсекте сөйлемей, аяғын созып жатқанын көрсең, үлкен тірегіңді жоғалтқаныңды және оның орнын ешбір естелік баса алмайтынын біл.