Әкім кубогы сарапқа салынуда
Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерлер арасында волейболдан аудан әкімінің кубогы сарапқа салынуда.
Аудандық турнирдің ашылуына аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында қолға алынған игіліктерді тілге тиек етті.
Биылдың өзінде ауданымыздағы Айшабибі, Гродеково, Сұлутөр ауылдарында зәулім спорт кешендері мен Тоғызтарау, Аса, Қызылдихан, Түрксіб ауылдарында шағын футбол алаңдары пайдалануға беріліп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін бірқатар жұмыстар атқарылған. Аудан басшысы спортты қолдау өз жалғасын табатынын, келер жылы Қаракемер, Өрнек, Бесағаш ауылында спорт кешені ашылатынын да айтып өтті.
Аталған турнирге ауылдық округтерден жиналған 15 команда өзара бақ сынауда. Турнир күні бойы жалғасатын болады