Әкім тұрғындармен ақылдаса келе спорт кешеннің орнын белгіледі

 

— Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл-аймаққа салынатын әлеуметтік-мәдени нысандар көрнекі жерден еңсе тіктеуі қажет. Бұл өз кезегінде арлы-берлі қатынаған жолаушылар үшін де ауылдың ажарын көрсетеді. Айшабибіліктердің де ойын білдік. Сонымен спорт кешенінің түбегейлі орны ауылға Тараз қаласынан кіребергендегі оң жақ қаптал болып белгіленді, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Жалпы кешеннің құрылысы ағымдағы жылы басталып, келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аудан әкімінің сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен ауыл әкімі Дәрмен Дәулетовке жер құжаттырын рәсімдеу бойынша тапсырмалар жүктелді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі