ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІ

Құрметті оқырман, серіктесіміз  халықаралық «QAZAQSTAN ZAMANY» газеті 2018  ресми жаңа жылдан бастап, Қазақстан Республикасы бойынша, аймақ әкімдерінің біліктіліктері мен облыстың экономикалық-әлеуметтік және мәдени  дамуына қосқан үлесін, жаңашылдығы мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты атқарған  жұмыстарын, тұрғындармен арадағы қарым-қатынасын қамтитын «Әкіміңіз қандай?» атты рейтинг-сараптамасын жариялап отыр.  Рейтинг қорытындысы жоғарыда айтылған ерекшеліктерге байланысты нақты мәліметтер мен  тұрғындар тарапынан жазылған пікірлерге де сүйене отырып, әр тоқсан сайын (3 ай) шығарылады. Сіздерден, бұл бастамамызға белсене атсалысуды сұрай отырып, төмендегідей сауалдарымызды жолдаймыз:

Әкіміңіз қандай?     

  1. Аймақ әкімінің облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі туралы ойыңыз.
  2. Аймақтың, ауылдардың мәдени даму ерекшеліктері. Қандай мәдени-рухани іс-шараларға ұйытқы болды?
  3. Әкіміңіздің жеке адамгершілік қасиеттері жайлы не айтасыз?
  4. Мемлекеттік тілде сөйлеуін немесе оны қолдауын қалай бағалайсыз?
  5. Әкім қабылдауына еркін кіру мүмкін бе?