Әкімдік сағаты: Сұраңыз жауап береміз!

«Үкімет «еститін мемлекетке» айналуы тиіс» деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай бүгін Сарысу ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында тікелей эфирде әкімдік сағаты өтті.
Әлеуметтік желіге кіру мүмкіндігі болмағандар хабарламада көрсеткен электронды пошта арқылы алдын ала өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Эфиріміздің бастапқы жағында аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов короновирус індетіне қатысты аудандағы ахуалмен таныстырып өтті.
Аудан басшысы:
— Сарысу ауданында 176 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 17,5 құрады.
169 науқас есептен шығарылды. 7 науқас есепте тұр Олар да үйлеріне шықты.
Провизорлық стационарда 11 науқас, реанимацияда-2 науқас ем қабылдауда. (анализдері келмегендер)

Провизорлық (стационарлар) 40 төсек жұмыс жасайды. Провизорлық бөлімде 9 дәрігер қызметте.
Ауруханада өкпені жасанды демалдыру аппараты 2 дана, кислородный концентратор 13 дана, провизорлық 40 төсек кислородқа қосылған. 115 дана кислород жеткізілді, қорда-15 кислород бар.Медициналық бұйымдар мен қажетті препараттар жеткілікті. 4 рентген аппараты жұмыс істеп тұр. Құрылған 7 мобильдік топ автокөліктермен қамтылған.
26 маусымда «СК Фармация» 637 мың теңгеге дәрілік заттар және медициналық бұйымдар ЖК «Ержанов Ж» жеткізілді.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар тұрақты бақылауда. Тараз ӘКК және Атамекен кәсіпкерлер ҰКП өкілі гуманитарлық дәрілері 50 отбасына тартылып берілді.
Гуманитарлық көмек заттар жеткізілді. 7 дана концентратор демеушілік есебінен алынған.
Онда:
— Сарысу қайрымдылық қорынан (ОФ «Шұғыла») кислородный концентратор 6 дана;
— «Dauletten» қайырымдылық қорынан кислородный концентратор -1;
— Қайрымдылық акция «Халықпен біргеміз» қорынан пульсоксиметр 3 дана, кислород жастығы 3 дана, мұрын катетры 5 дана алынды.
Жалпы ауданда індеттің қарқын алуы бәсеңдеді, ахуал тұрақты,-дей келе осы аптадағы әкімдік сағатында тікелей эфирде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудан әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алтишев Еркін Оразұлының ақпарат беретіндігін айтты.
Еркін Оразұлы аудан бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған және жоспардағы жобалармен таныстырып өтті.
Бүгінгі тақырыпқа сәйкес әлеуметтік желі белсенділерінен алпысқа тарта, электронды пошта арқылы оннан аса сұрақтар келіп түсті.
Қойылған сауалдарға барынша жауаптар беріліп, шешімін табар сауалдарға алдағы уақытта жауап берілетіндігі хабардар етілді.
Тікелей эфирден соң әрсауалға қатысты тиісті мекеме басшыларынан жауаптар алынып, берілуде.
Бір сөзбен айтқанда халық үніне құлақ асу. Сауалдарға қанағаттанарлық жауап қайтару. Мақсат біреу-елмен бірге ел еңсесін тіктеу. Алдағы жарқын болашаққа халықпен бірге жету.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы