Әкімінің оқушыларға арналған шыршасы өтті

Тараз қаласында орналасқан «Бақ сарайы» мейрамханасында Жамбыл ауданы әкімі Ерлан Қыдыралыұлының @erlan_qydyralyuly балаларға арналған жаңа жылдық «Қош келдің, Жаңа жыл – 2024!» атты шыршасы өтуде.
Мерекеге Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова және аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова арнайы қатысты.
150 балаға мерекелік дастархан жайылып, шыршаға қатысушы балаларға домбыра мен тәтті сыйлықтар тарту етілді.
Көңілді кеште аудан басшысы бүлдіршіндерге ізгі тілегін жеткізді
Мерекелік шараға көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бүлдіршіндер келіп, өнерлерін көрсетті