Әкімшілік әділет дегеніміз не?
Бұл бір жағынан азамат немесе ұйым, екінші жағынан мемлекеттік басқару органы арасындағы жариялы-құқықтық дауларды шешудің ерекше процестік тәртібі. Құқықтық институт ретінде әкімшілік әділет атқарушы биліктің лауазымды адамдарының заңдар мен ережелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін қоғамда және мемлекетте сот бақылауы функциясын орындайды.
Бұрын азаматтық сот ісін жүргізуде соттарда жария-құқықтық даулардың 85% мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін. Мұның себебі АПК қағидаттарында – тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығына негізделеді.