Аққыстаулық жас бишілер жеңімпаз атанды  

  Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында облыстың жалпы орта білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдары оқушыларының арасында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өтті. Балалардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін және мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатында өткен байқау жас өнепаздардың қабілетін ашты.

Байқауға облыстық, Атырау қалалық және аудандық хореография байқауларының жеңімпаздары болған 10-17 жастағы 96 оқушы қатысты. Олар Халық биі және халық стиліндегі би, қазіргі заман биі түрлері бойынша сайысқа түсті. Номинацияға орай жұмыстардың сәйкестігі; халық дәстүрлерін сақтау және пайдалану; номерді безендіру; бейнелі көркемдік; композициялық шешім; орындау техникасы; музыкалық және лексикалық материалдардың жасына сай болуы сарапталды. Қазылар алқасы Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің би ұжымын бірінші орынға лайық деп бағалады. Жеңімпаз топ күзде, қараша айының басында Қызылорда қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Жаңа байқауға дейін жаңа би түрлерін үйреніп, ұлттық киімдер дайындау жұмыстары жалғаса береді.

 

   Светлана Муньянова