Ақмола облысында өңірдегі ең ірі макарон фабрикасы іске қосылды

 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында өңірдегі ең ірі макарон фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аршалы ауданында «Анар» астық қабылдау кəсіпорыны» ЖШС-нда ашылған фабрикада макаронның «Аян» сауда белгісімен жоғары сұрыпты ұннан 11 түрі шығарылады. Кəсіпорынның қуаты тәулігіне 200 тонна ұн өнімдерін құрайды.

Кәсіпорын директоры Қуаныш Сақтағанның сөзінше, кəсіпорын қазіргі замаңғы қондырғылармен жабдықталған. Ұн өнімдері түркиялық та, макарон итальяндық технология бойынша шығарылады.

«Дайын өнімді Астана қаласына, Аршалы жəне көрші Оксановка аудандарына саудаға шығару жоспарда бар. Оған қоса Қытай арқылы Шығыс жəне Орталық Азия елдеріне де экспорттау бағытында жұмыстар жүргізілуде», дейді Қуаныш Сақтаған.

Кəсіпорын жұмысымен танысқан аймақ басшысы өндірістің Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуін дамытуға зор септігін тигізетінін атап өтті.

inform.kz