Ақмоладағы С.Сейфуллин тұрған үй
Сәкен Сейфуллиннің Целиноград қаласы, Иманов көшесінде орналасқан 1920 жылдары тұрған үйінің фотосуреті. Суретте бір қабатты үй көрсетілген, шатыры шифрмен жабылған. Сол жағынан қарағанда үйдің қабырғасымен жалғастырылып қойылған ағаш шарбақ бар. Үйдің алдында ағаштар өсіп тұр. Үйдің бір жақ қабырғасында 6 терезе орналасқан және маңдайшасында ескерткіш тақтайша ілінген. Бүгінгі күні Сәкен тұрған үй сақталмаған. 1970 жылдары қала ішіне заманауи құрылыстар тұрғызу мақсатында үй бұзылған. Үй маңдайшасындағы ескерткіш тақта ақын музейінде сақтаулы.