АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2016 жылы, 20-21 сәуірде Әлихан Бөкейханның 150-жылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:
- Әлихан Бөкейхан – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы;
- Әлихан Бөкейхан – қазақ журналистикасы мен көсемсөзінің негізін салушы;
- Әлихан Бөкейхан – ұлттық ауылшаруашылық және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың іргетасын қалаушы;
- Әлихан Бөкейхан – қазақ әдебиеті мен руханиятының көрнекті зерттеушісі.
Конференция жұмысына «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысын, жәдитшілдік бағыттағы түркі-мұсылман халықтарының рухани және саяси жаңғыруын зерттейтін отандық және шетелдік ғалымдар қатысады. ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайракерлері, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары шақырылады. Ә.Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына, Алаш қайраткерлеріне арналған құнды мұрағат деректерінен көрме жасалады. Іс-шара барысында Астана қаласы «Бабалар қорымындағы» Кенесары хан сарбаздарының және мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлының рухына құран бағышталады, елорданың мәдени-ғылыми ошақтарына саяхат ұйымдастырылады.
Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіні 8 беттен көп емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 кегл көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, ел (мемлекет) аты оң жаққа курсивпен беріледі. Мақаланың аңдатпасы, кілт сөздері орыс және ағылшын тілдерінде (мәтін орыс тілінде болса, қазақ және ағылшын тілдерінде) 12 кегльмен беріледі.
Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады. Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес баяндамалар қабылданбайды.
Конференцияға қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді.
Конференцияға қатысу үшін баяндамамен бірге төмендегі үлгі бойынша мәліметтер жіберу керек:
Аты-жөні (толығымен) | |
Мекен-жайы (мемлекет, қала) | |
Қызметі, ғылыми атағы, дәрежесі | |
Секция | |
Мақаланың тақырыбы | |
Оқу орны, кафедрасы | |
Телефон |
Конференцияның тіркелуі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратында 9.00 басталады. Секциялық жұмыстар 10.30-13.00 аралығында жүргізіледі. Пленарлық мәжіліс ҚР Тұңғыш Президент аудиориясында (208 ауд.) сағ. 14.00 басталады.
Конференция төмендегідей секциялар бойынша жұмыс істейді:
- Әлихан Бөкейхан және қазақ мемлекеттілігі;
- Әлихан Бөкейхан және жаһандық өркениет үдерісі;
- Әлихан Бөкейхан және қазақ рухани әлемі.
Материалдар қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қабылданады. Қатысу үшін баяндамаларды 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, А.Пушкин көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 306 кабинет, «Алаш» ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ).
Электрондық пошта: Аlikhan150@mail.ru.
Байланыс: (7172) 70-95-47.
Ұйымдастыру комитеті