Ақсақ Темір әпсанасы…
Мен алтын таққа отырып, алтын тәж кидім басыма,
Кіл сайыпқырандардан, баһадүр-нояндар жидым қасыма..
Сөз өткізгем жоқ,басымнан асыра,
Жүзін шайып, суын қайырып, қас жауымның қанды жасына..
Қыпшақы қайқы қылышымды жанғанмын,
Хан тәңірінің асыл тасына..
Бөлтіргімді бөрінің бауырына салдым,
Ұмай дегіздім.
Барағымды қыранның бауырына салып,
Құмай дегіздім.
Тарпаң міндім,
Тұяғын айкүміспен тағалаттым..
Таралғысын тер сасытып,
Ауыздығын алтынмен булатып,
Көздерін ай сәулесіне шаралаттым..
Жылан патшалығынан сұлу алдырып,
Жебемді тілінің уына малдырып,
Адырнамды аңыратып,садақ аттым..
Киіз кебенекті, шытыр торлы, аймауыт кидім үстіме,
Жуан басы гауһардан, жұмыршағы жауһардан
Күрзі ұстадым қолыма..
Иілмесе есік ашпадым күштіге.
Көк тәңірінің назары маған түсті де,
Тұранның топырағын тұмарым дедім,
Арыстан бабқа ат кідірттім де
Кірдім күліп түнге
Әзіреті сұлтанды ұраным дедім..
Шираз бен Исфаһан шеберлерінің маңдайын терлеттім
Күмбезін көкке өрлеттім
Қабырғаларына шәріп мақамдарын зерлеттім
Ай астына көк күмбезді ақ мешіт тұрғыздым
Түбі бір түркінің бетін бұрғыздым
Ол алла бағының зарлы бұлбұлы еді,
Хақ Мұстапаның гүл-нұры еді.
Хикметтерімен қалыбыма қасиет бердім,
Түбі бір түркіге өсиет бердім..
Арыстан бабқа түнеп бар
Әзіреті Сұлтан ға жылап бар
Тәңірге табынарым да..
Менің де көз жасым тамған бұлақ бар
Шариғат шыңдарымен шарттасаң
Мағрифат майданына өткізер
Тарихат тәубесімен анттасаң
Ақиқат айдынына жеткізер
Шыққан күніңді мың періште көтерген
Батқан күніңді мың періште қондырған
Түркі ұстын қалаң болар,
Тұрандай далаң болар
Ей, Түбі бір түркінің баласы
Тәңір назарын саған бұрар
Жүрегіңнің түбінде өшпейтін шыраң болар
Қос дүниеңнің қорғаны болар
Яссауиден қалған мұраң болар..
Мен фаниден баз кешіп, бақи ға аттандым.
Сен сәулесін жұт ахиқат таңның
Түбің түркі болар
Түлігің жылқы болар
Әулиең ұран болар
Кітабың құран болар
Бір қанатын айдың алтын сәулесіне шалдырған
Бір қанатын күннің күміс сәулесіне қандырған
Көк күмезіңе барып қыран қонар
Түркіұстын киелі мұраң болар
Таңдайыңа татып,
Маңдайыңа ұлықтап алғын..
Гүлістан бақтарынан
Пейіш мұнараларынан
Мен әлемге күліп қарармын
Таң да махшар майданында
Жаннан дем түскен де айналымға
Бір жұлдыз туады, анау көк аспанда
Үркер ауып, ғаламнан таң асқанда..
Әлемге ғашықтық қана жарасқан да..
Тәңір сесінен көз ілгенде алап..
Сол жұлдыз тұрар,
18- мың ғаламға, менің көзіммен қарап…
Сарсен Қадыр.
Maksat Skakov парақшасынан