АҚШ ғалымы: Мұсылман әйел — жер бетіндегі ең таза әйел

 Америкалық эмбриолог ғалым Роб Гиллхам Құран аяттарымен танысқан соң, ислам дінін қабылдаған екен. Ол қасиетті Құранда жазылған «ажырасқан әйелге 4 ай уақыт өткенше қайтып тұрмыс құруға тыйым салынады» деген ескертуге ерекше назар аударыпты деп жазады e-islam.kz.

Бұған зерттеу жүргізген ғалым «әйелдің ағзасына еркектің хромосомалық «таңбасынан» толық тазару үшін 4 ай уақыт өтуі керек» деген қорытындыға келді, деп жазады араб бұқаралық ақпарат құралдары.

Мысыр ұлттық орталығының медицина профессоры, доктор Абдель Басет ас-Саид атап көрсеткендей, Гиллхам өз зерттеу жұмыстарының барысында жыныстық қатынасқа түскен әйел затының ішкі құрылысы еркектің «таңбасынан» 1 айда 25-30 %-ға ғана тазаратынына, ал толық тазару Құранда айтылғандай 4 айдан кейін ғана мәресіне жететіндігіне көз жеткізеді. Сондықтан, ғалымның ашқан жаңалығы – кітаптың ғылыми негіздерге бастау екендігінің дәйегі болып есептеледі.

Бастапқы кезде эмбриолог зерттеу жұмыстарын АҚШ-тың мұсылман және мұсылман емес аудандарында жүргізеді. Ақырында, Гиллхам мұсылман емес әйелдердің бойынан бір уақытта бірнеше еркектің хромосомаларын анықтаған.

Бұдан соң, өз жұбайына тәжірибе өткізіп, оның ағзасынан әр түрлі еркектің 3 түрлі хромосомалық таңбасының бар екенін білген. Үш баласының біреуіне ғана биологиялық әке екеніне көзі жеткен. Осы оқиғадан кейін «Мұсылман әйел – жер бетіндегі ең таза әйел» деген қорытынды шығарған.

Бұл дүние жүзілік ұрықтанудағы алғаш кездесіп отырған уақиға емес. Өз уақытында канадалық ғалым, анатомия мен ұрықтану саласының әйгілі мамандарының бірі, әлемнің 8 тіліне аударылған «Адам ұрықтануы» атты кітап авторы Кейт Мур «Құранмен таныс болғанымда, Нобель сыйлығына 20 жыл ерте ие болар едім» деп айтқан екен.

Ұрықтың даму сатыларын зерттеген Мур оның бұдан 1,5 мың жыл бұрын пайда болған Құранда терең дәлдікпен жазылғанына тәнті болды. Осыдан соң ол зерттеу жұмыстарының қорытындылары ретінде «Адам ұрықтануына исламның толықтырулары» атты кітапты жарыққа шығарды.

 Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы