АҚША ТУРАЛЫ АҚИҚАТ…
«Бақыт – ақшада емес»,- деді қарт адам…
Түрінде тұр… Азған. Тозған. Шаршаған.
«Уақытымды саттым. Көп ақша таптым… Ал соған,
Өмір сатып ала аламын ба қайтадан.
Маған қарашы, менің өмірім – бір сабақ.
Ақша қудым мен, армандарымды тұмшалап.
Пенденің бәрі Өмірін Сатып жүргені,
Жалақыдан жалақыға дейін күн санап…
Иә,
Ақшаға қарғам, қағаз ғой деп қарама,
Табуға кеткен Уақытым деп бағала.
Ал, Уақыт – өлшеулі сенің Өмірің,
Өмірді әсте … қағаз деп қарауға бола ма?
Шынымды айттым… Түсін мейлің, түсінбе,
Өміріңді сатасың,күнкөрісің үшін де.
Оралмас Күндерің, орындалмай кеткен Арманың,
Айырбас тапқан… сол қағаздың ішінде…
Әділбек Қаба