Ақтауда көше жарықтары күн энергиясымен жұмыс істейтін болады

Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚХР «Huaming Guangdong smartled co LTD» компаниясымен бірлескен ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумның аясында облыс әкімдігінде «Source Energy» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және компанияның өкілдері, «Source Invest Company» ЖШС бас директоры Бекзат Алтаев, энергия көздері бойынша Азия елдерінің менеджері Гүлмира Жүсіпова және «Source Energy» ЖШС Ақтау қаласындағы өкілі Қайрат Өтепов қатысты.

Қытайлық компания жаңартылатын энергия көздеріне негізделген жаңа LED модульдермен Ақтаудағы көше жарықтандыру желісін ауыстыру бойынша жобаны қолға алып отыр.

Осыған оарй, Ақтау қаласындағы 15 шағынауданында пилоттық жоба аясында заманауи жарықдиодты шамдар қолданылатын инвестициялық жоба іске қосылды.

Жаңа қондырғы қала үшін қаражатты 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және қалалық бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді.
Инвестициялық қорларды қайтару ағымдағы бюджет шеңберінде электр энергиясын үнемдеуден түсетін болады.

Айман Нұрмағанбет

Фотоға түсірген Серік Майемеров