Ақтауда отшашу атқандар көршісінің үйін өртеп жібере жаздады

Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің тұрғындарының отшашу атып, сол маңдағы пәтердің өртеніп кетуіне себепкер болғаны туралы видео тарады. Кадрлардан балалар айғайлап жатқанын естеуге болады.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті пәтер иелері өрт сөндірушілерді шақырмағанын, бірақ видеоны көрген бригаданың оқиға орнына тексеруге барғанын хабарлады.

«Оқиға қаланың 7-шағын ауданында түнгі сағат 23:37 шамасында орын алған. Төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орналастыру орындарына қайтарылды», – делінген департамент хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында отшашу тиелген жүк көлігі өртеніп кеткені туралы жазған едік.

 Stan.kz