Ақтауда шенеуніктер 81 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған
Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеге жуық қаржыға сатып алмақ болған. Барлығы 12 киіз үй сатып алуды жоспарлаған. Алайда прокурорлар бұл әрекеттің жолын кескен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Қадағалау органының қызметкерлері сараптама жүргізіп, мұндай тауарды 6 млн 750 мың теңгеге емес, 1,5 — 2 миллион теңгеден де сатып алуға болатынын анықтаған.
«Біздің ұсынысымызды қарау үшін әкімдік қызметкерлеріне бір ай уақыт берілді. Содан кейін олар осы соманы белгілегендерге қандай шара қолданғаны туралы жазбаша жауап беруі қажет. Іс-әрекеттерді тәртіптік комиссия қарайды. Яғни, кінәлілерге қандай жаза тағайындалатынын қала басшылығы шешеді»,—деп түсіндірді Ақтау қалалық прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау жөніндегі прокуроры Альберт Есмұрзаев.
https://adyrna.kz/post/231854?fbclid=IwY2xjawJNLEBleHRuA2FlbQIxMQABHdzx0MkHqNehRhJnENDZvPcBDq9gB5PlI1wweahFkFM4X_gAkZ0x-jfPow_aem_g50jzEt2ooTW6Gx_dS0Pjg
Сурет: blog.flexyheat.ru