АҚТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.
«Гендерлік саясат» – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде де өзекті үрдіс. Әйелдердің экономикаға белсенді араласуы елдің дұрыс даму жолында келе жатқанын, әр адамға тең мүмкіндік берілетіндігін көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстанның шағын және орта бизнесіндегі әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі 45 пайызға артуы қуантарлық жағдай.
Осы орайда, көпке танымал іскер, алтын құрсақты батыр аналардың бірі — Әшіркүл Наурызқұлованың еңбегін көпшілік қауымға таныстыруды жөн көрдік. Ол отағасы екеуі өзара ақылдаса келе, аудан тұрғындарын әлеуметтік дүкенмен және наубайхана ісін жүргізу арқылы тірліктің көзін тауып жүрген жандар. Барлық істе ерлі-зайыпты Нарқозы және Әшіркүл бір-бірімен үнемі ақылдасып бір ойда жүруі істің одан әрі үйлесім табуына жол аша түседі. Содан да болар олардың тірліктері берекелі. Өркен жайған.
Оларда: екі германиялық пеш, бір миксер (қопсытқыш құрал), бір қамырға арналған каталка, үш нан сөресі, бір кептіргіш, бір нан жаятын үстел, бір ұсақтау аппараты, бір советтік пеші және тәтті бәліштердің түрлісін бір мезетте дайындайтын арнайы пеші тағы бар. Германиялық пеш бір пісіргенде – 50 дана нанды өзі, су бүркіп, өзі піскен уақытында автоматты түрде дабыл қағып піскендігінен хабар береді. Ол да үлкен көмек құралы саналады. Шаруа көбінше арнайы құрылғылардың көмегімен жүзеге асады. Олар бір күнде базар орталығындағы дүкендерге 50 дана және жақын дүкендерге 80 дана нан пісіріп сатады. Бұл наубайханада санитарлық талаптар барынша сақталған. Әзірге үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың біреуі бөлке нанын пісірсе, екіншісі ыстық самса, ал үшіншісі қаттама нанын көпшілікке тез арада ыстықтай әзірлеп береді. Осындай ыстық күнде, ыстық пеш маңында тізе бүкпей еңбек ету оңай шаруа емес. Ол үшін адамға табандылық қажет.
Әшіркүл Бейбітқызы мемлекеттен «Тараз» ӘКК АҚ-дан тұрақтандыру қорын жасақтау негізінде 15 млн теңге несие алып, қосымша картоп, сәбіз, пияз өнімдерінің 108 тоннасын сатумен де айналысады. Пияздың — 35,2 және сәбіздің 33,3 тоннасы үйде, ал картоп өнімінің 40 тоннасы «Злиха» шаруа қожалығының қоймасында сақталады.
Олар күнделікті аудан тұрғындарының тапсырысы нәтижесінде жұмыс атқарады. Наубайхана ісіне мемлекеттен арзан бағада ұнмен қамтылса, олар көпшілікті ас атасы нанмен қамтып отырған жайлары бар. Наубайхана маңында азық-түлік дүкенінде тұрмысқа күнделікті қажетті заттар қойылған.