АҚТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.
〽️«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың 26 шілдесі күні Ақтөбе ауылы тұрғындарымен аудан әкімінің орынбасары Р.Куньязов, Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Жарасұлы кездесу өткізді. Кездесуге 35 тұрғын қатысты.
〽️Ауылдық округтің шаруа қожалық иелеріне ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, суару маусымының жұмыстары жайында ой бөлісті.
〽️Шаруа иелерін толғандырған мәселелер кеңінен пысықталған басқосу соңында аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына жергілікті жерде ауыл шаруашылығын дамытуға бағыт-бағдар беретін мамандарды тарта отырып, облыстық деңгейдегі түрлі тиімді жобаларды ауданға тарату жөнінде кеңес берді