Ақтөбедегі оқиға – ислам дініне күйе жағу (Видео)
Шағбан айының соңғы күнінде, Рамазанға аяқ басқалы отырғанда қазақ халқы тағы дүрлікті. Ақтөбе қаласында орын алған жан түршігерлік оқиға бейбітшілік пен мейірім діні Исламға жағылған кезекті күйе болды. Барша отандастардан мұндай бүлікке алданып, дінге қарсы сөз сөйлеп, іс қылудан аулақ болуды және қасиетті айда елдің тыныштығы мен бірлігін бір Алладан тілеуді өтініп сұраймыз.