Ақтоғай ауданында жаңа ветеринарлық станция іске қосылды
Ақтоғай ауданында жаңа ветеринариялық станция жұмыс істей бастады. Енді мұнда мал ауруларының алдын алу, анықтау және жою бойынша іс-шаралар өткізуге болады.
– Ветеринариялық станцияның ашылуы біздің мамандардың тиімді жұмысына ықпал етеді және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет етеді, – деді Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова.
Станция заманауи жабдықтармен жабдықталған. Ол жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайын.
– Ветеринариялық станцияны ашудың негізгі мақсаты халыққа осы салада сапалы қызмет көрсету болып табылады. Нысан барлық талаптарға сәйкес келеді. Диагностикалық іс-шараларды өткізуге және жануарларға арналған арнайы дәрілік заттарды сақтауға арналған үй-жайлар бар, – деп атап өтті Қарағанды облысы ветеринария басқармасының орынбасары Ғалым Оспанов.
Бүгінгі таңда Ақтоғай ауданында 83 мың бас ірі қара, 160 мың ұсақ мал, 43 мың жылқы және 700 түйе бар.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Абай ауданының Көксу ауылында және Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде ветеринариялық станциялардың құрылысы жүріп жатыр.
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі