АҚТОҒАЙДА АСАРЛАТЫП ҮЙ БЕРІЛДІ
Асар — қазақ топырағында қалыптасқан игі дәстүрдің бірі. Ежелден ауылдас ағайындар қолда барын бөлісіп, біріне-бірі қамқор болып, көмектесіп отырған. Көпшіліктің көмегімен ауқымды тірлікті қауымдасып бітіріп, ауыр жұмыстың аяқталуына ат салысқан.
Бүгін Ақтоғай ауылында «Асар» жобасы аясында осы ауылдың тұрғыны Ермек Дүйсеновтің баспанасы қайта күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Қуанышты бөлісуге қатысқан Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қуандық Алдабергенов, Ақтоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәді Салықбаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын игілікті шарамен құттықтады. Асарлатқан ағайынға алғыстарын білдіріп, бұл шара тек үй салып немесе жөндеп беру ғана емес, ауылдағы ағайынның бірлігі мен ынтымағының, татулығының көрініс екендігіне тоқталды.
Өз кезегінде тұрғын үй иесі Ермек Дүйсенов сөз алып, осындай істі қолға алып, бастамашыл болған аудан, ауыл басшыларына, қолдау білдіріп көмек қолын созған ауылдастарына ризашылығын білдірді.