АҚЫЛДЫ АДАМ ЖАРЫҚТАН ЖАРЫҚҚА ҚАРАЙ ЖҮРЕДІ…
Итке темір не керек? Есекке гүлдесте қажет пе? Шошқаға дәмді тағам лайық па? Көкірек көзі бітеу адамға ілім-білімнен не пайда? Санасында тесігі жоқ адамға қасиетті Кітаптар туралы айтып керегі бар ма? Саңырау адамға сырлы әуеннің қажеті қанша?
Адамдар Анар жемісіне (гранат) ұқсаған төрт қырлы болады:
— Сырты піскен тәрізді болса да іші шикі.
— Іші піскен, бірақ сырты шикі болып көрінеді.
— Немесе іші -сырты бірдей шикі.
— Немесе іші-сырты да әбден пісіп жетілген. Соңғысы бол.
Жарықтан жарыққа қарай, немесе жарықтан қараңғыға өтетін адам болады. Өмір болғасын қараңғыдан жарыққа, немесе қараңғыдан қараңғыға алмасып өтіп жататын адамдар да жеткілікті. Ақылды адам жарықтан жарыққа қарай жүреді, әрі бұл өмірде бақытты, ақыретке сауапты өмір сүреді.
Кей мысалдар бойынша шөп тәрізді иіліп тұру керек. Кей жағдайда от сияқты жалындап жану керек. Ал кей жағдайда құл сияқты жүгіруге тура келеді. Кейбір жағдайларда таудай болып мызғымай отырған дұрыс.
Қарғалардың ортасында қаздар жексұрын. Есектің ортасында жылқылар шетқақпай. Надан тобырлар үйірінде ақылдылар шетқақпай болады.
Ілім-білімді зерттегенімен жүрегіне нұр құйылмаса қолында шам ұстаған соқырдан айырмашылығы неде?
Лас қоғамда өмір сүрсең де батпақ пен балшықтың арасында да гүлдей беретін Лалагүлі (лилия) сияқты бол.
Данышпандар ғұламаларды көзбен көріп, олардың қолына су құйып батасын алмасаң да, алыстағы ай сәулесінен нәр алып гүлдейтін Лалагүлі сияқты, олардың рухынан жеткен ұшқын -нұрын бойыңа сіңіре біл!..