Ақылы жол бюджетке 1,5 млрд пайда әкелді
«ҚазАвтоЖол» компаниясы: «2017 жылы Астана-Щучье ақылы автожолында 1,5 млрд теңге жиналды. Барлық жиналған қаражат сол жолдың өзіне және төлем жүйесін жақсартуға жұмсалады.
Өткен жылы аталған трассадан 2,7 миллион автокөлік өтті. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2 пайыз ұлғайды. 2017 жылы трассаға төлем қабылдаудың жаңа сервері, деректерді сақтау жүйесі, жұмыс станциялары және көпфункционалды құрылғылар орнатылды.
Бақылау аркаларына қойылған камералар жолдағы қозғалыс жиілігін қадағалауға мүмкіндік береді. «Теңге» төлем жүйесімен шарт жасалды. Енді алдын ала төлем сервисін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. «Е100 Central Asia» компаниясымен де шартқа қол қойылды. Бұл Еуропа мен Ресей территориясында қолданылатын «Е100» жанармай картасын пайдалануға мүмкіндік береді»,— деп хабарлады.