Ақын намаз оқыса Хақты танып… (Видео)
Халқымыздың асыл қазынасы болған хандық дәуірден бергі жыраулар поэзиясы, Абай заманының жыр жауһарлары және жүз жыл бұрын Алаш Орда үкіметінің негізін қалаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, т.б. арыстарымыздың өмірі мен шығармашылығына көз тастасақ қай-қайсысының да діннен алшақ болмағанын, Құран мен хадисті қатар біліп, оған амал еткенін, намаз оқып, Алланың бұйрығын бұлжытпай орындауға жандарын салғанын аңғару қиын емес. Ал, кейінгі толқын, яғни, «серкелеріміз» қуғын-сүргінде қырылып, олардың ізін басқан ақын-жазушылар арасынан дініне берік болған азаматтарымызды табу қиындау, әрине. Оған заманын кінәлап, Кеңес Үкіметінің қатал тәрбиесіне лағнет айтуымыз да мүмкін. Десе де, «…Қиямет жақындағанда дінді ұстану қолыңа шоқ ұстағанмен тең болады» деген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-нің хадисін ескерсек, сол сұрапыл кезеңнің өзінде иманын жоғалтпай, оны бойында берік ұстап, кейінгілерге салт-дәстүріміз, әдет-ғұрып, тыйым-ырымдарымызбен жеткізген әкелеріміз бен аналарымыз да болды. Құдайға еркін құлшылық қылуды аңсаған қазақтың бірі Мұқағали Мақатаев еді десек, ешкім бұл сөзімізге уәж айта қоймас. «Дін – ғылымның анасы» деген бір ауыз сөзімен басымды кессең де, тілімді кесе алмайсың Кеңес Одағына ата діні Исламның Жаратқанның құзырында қабыл болатын жалғыз дін екенін түсіндіріп бақты…