Әл-Фараби даңғылы 17 маусымға дейін жартылай жабылады
Жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жол желісін орташа жөндеу аясында әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. «Осыған байланысты, 28 мамыр мен 17 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», – деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.
Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.