Алаш арыстарының 6 ұстанымы!..
Алаш арыстары мынадай алты мәселені ұлттың ұстанымы етті:
Бірінші, «Бай кедей, орта деген секілді таптық бөлінушілік болмасын»;
Екінші, «Жерді сатуға мүлде болмайды»;
Үшінші, «Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі ретінде саналады»;
Төртінші, «Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол ең алдымен қазақтың үстінен табылуы қажет»;
Бесінші, «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын»;
Алтыншы, «Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын».
Бұл — Алаштың бұдан 93 жыл жасаған бағдарламасы.
Бүгін біз, өкінішке орай, осы бағдарламаның жүзеге асқандығын көрсететін бірден-бір өзгеріс көріп отырған жоқпыз.
Алаштың азаттығы орындалғанмен, кемел мемлекет құрудың негізгі өзегі болып табылатын мақсат-мүддесі мен арман-тілегі орындалған жоқ.
Алаштың 6-шы бағытына ден қойғанда бүгінгі Қазақстан шикізат шығаруға ғана негізделген мемлекет емес, өндіруші алпауыт мемлекеттердің санатынан табылар ма еді?!
Ықылас Ожайұлы