«Алаш» деп ғұмыр кешкендер…

ХХ ғасырдың басында халқының азаттығы үшін күрескен саналы азамат- тар сталиндік жазалау шараларынан зардап шекті. Жер аударылды… Абақтыға қамалды… Атылды… Еліміз еге- мендік алған жылдардан кейін ғана қуғын-сүргін құрбандары ақталды. Олардың есімдері мен ерен еңбектері жады- мыздан ешқашан өшпек емес! Ғұмыры қысқа болса да, бұл қозғалыс қазақ та- рихында алтын әріптермен жазылуға лайық, ең бір айтулы тарихи кезең. Биыл осы Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, елімізде көптеген іс-ша- ралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Алаш деп ғұмыр кешкен» жобасы аясында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Әділет»
тарихи-ағарту қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция- сы. Осы жиында айтылған ойлар Алаш қозғалысының толыққанды картинасын көз алдымыздан өткізді. Пікір-ойлардың қаймағын сүзіп, оларды оқырманға ұсынғанды жөн көрдік.

«Алаш» ұғымы нені білдіреді?

Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Абай атындағы Ұлттық университеттің профессоры:

— Біз қазір Алаш қозғалысы деп жүрміз. Көп жағдайда осы ұғым қаншалықты дұрыс екендігі жөнінде ойланбаймыз. Осы «Алаш» деген атты берген — коммунистік партия. Бірақ, әрине, Алаш партиясының 45a731137beed3ee9be5e0f769bd6964есімін берген Алаш зиялыларының өздері, ең алдымен Әлихан Бөкейхановты айтуымыз керек. 1917 жылы құрылтай жиналған депутат сайлау барысында ұлттық партияны жасақтау керек болды. Сөйтіп, партияны қалай атаймыз дегенде Әлихан Бөкейханов «Алаш» деп атауды ұсынды. «Алаш» бұл «Қазақ» деген сөздің синонимі, яғни екінші аты. Қазақтар өзін орта ғасырларда ұлттық тұтастыққа, бірлікке жұмыс істейік деген үмітпен «Алаш» деп атаған. Ал кейіннен коммунистік партия, большевиктік идеология Алашқа басқа мағына беруге тырысты. Бұдан ұлттық мүддеге қарсы саяси партия деген ұғым туды. Содан «Алаш» дейтін сөз басқа реңк, басқа мазмұн белгілі дәрежеде аза бастады. Бұл процесс қазір тоқтады, ол қазір жоқ. Дегенмен қазіргі уақытта осы тақырыпқа мейлінше ұқыпты қарауымыз керек деп ойлаймын. Өйткені заман өзгерді, уақыт өзгерді. Қазіргі уақытта, Құдайға шүкір, цензура жоқ. Біз Алаш қозғалысына байланысты еркін тұжырымдар, қорытындылар жасай аламыз. Әрине, мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасында. Жабық архив қорларының есіктері ашылды. Түгелдей болмаса да, мұрағаттардың басым бөлігі қазіргі таңда зерттеушілердің қолында бар. Ол мұрағаттарға қоса, Алаш зиялыларының еңбектерінің жарық көргені және қазір де жарық көру процесі жалғасып жатқаны белгілі. Бұл да тәуелсіздіктің арқасында.

Әрине, әлі жарық көрмеген құжаттар бо- луы мүмкін. Бізде бар дерек көздері Алаш туралы толық қорытынды тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан шағым жасап, анау жоқ, мынау жоқ деу себепсіз. Егер Алашты терең зерттей алмасақ, Алаш туралы дұрыс қорытынды жасай алмасақ, онда өзіміз кінәліміз, зерттеушілер кінәлі, зиялы- лар кінәлі. Егер қоғамға Алаштың құрметін көрсете алмай жатсақ, оған да зиялылар кінәлі. Ғалымдар, тарихшылар, ең алдымен философтар, журналистер, өнер адамдары кінәлі.

Биыл Алаштың 100 жылдығы. Бұл — үлкен процесс. Кітапханада осындай конференцияның өткеніне қуанып отырмын. Алайда бұл конференция жүрдім-бардым өтуге тиіс емес. Бұндай жиынға тек жастарды отырғызып қана қоймай, зиялылардың өздері келіп, қатысулары керек. Ал осы Алаш идеясын насихаттауға өздері атсалысуы тиіс. Өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін тиісті дәрежеде белсенділік таныта алмай келеміз. Биылғы Алаштың жүз жылдығы, Алаш үшін сын емес, ең алдымен сіздер мен біз үшін сын. Зиялылар үшін сын. Зиялылар осы жүкті көтере ала ма? Өз міндетін орындай ала ма? Мәселенің барлығы осында. Сондықтан ешкімге сілтеме жасамай, өзіміз жұмыс жасауымыз қажет. Міне, осы тұрғыда біз, зерттеуші мамандар, Алаш қозғалысының аты мен затын советтік идеология түрлі бо- яуларынан, бүркемелерінен ашып алуымыз керек. Мәселен, соның бірі мынау «Алаш» деген ұғым нені білдіреді? Ең бірінші осыған тоқталуымыз керек. «Алаш» деген сөз бұл бір топ зиялылардың қозғалысы емес. Бөкейханов бастаған зиялылар тобының әрекеті емес. Бұлай түсіну бейшаралық! Партия бізге солай түсіндіруге тырысты. «Алаш» деген бұл ұлттық мүддеге қарсы бір зиялылар тобының күресі, үкіметке, Ресейге, большевиктерге қарсы бағытталған әрекеттері деп бұрмалап көрсетті. Ал қазіргі уақытта соны сол күйінде айтқысы келетіндер әлі де бар арамызда.

Кезінде Колчактың: «Қазақ деген ұлт не? Қазақ деген ұлт жоқ. Ол тобыр. Оның ары қарай жүз шақты интеллигенциясы бар, соны атып тастасаң болды, қазақ деген ат жоғалады», — деп айтқан сөзінің біздің арамызда әлі де болса тамыры бар. Сондықтан, менің түсінігімде, Алаш қозғалысын зиялылар қозғалысы деп атау қателік. Алаш қозғалысының шын атауы — Қазақ Ұлт-азаттық қозғалысы. Қазақтардың өзінің мемлекеттігін қалпына келтіру, жерінің тұтастығын сақтау қозғалысы, сол үшін күрес. Осыны өзіміз түсінуіміз керек және келесі жас ұрпаққа түсіндіруіміз қажет. Оқулықтарда осы мәселені түсіндіруде жаңа әдіс-тәсілдер тапқан жоқпыз. Бұл тек оқулықтарда ғана емес, жалпы барлық салада. Бұл — бірінші мәселе, ал екінші мәселе Алаш қозғалысының кезеңдері ту- ралы. Біреулер Алаш қозғалысының XVII ғасырмен аяқталғандығын айтады. Мен осы мәселемен 20 жылдан аса уақыт айналы- сып келе жатқан зерттеуші ретінде айтуға тиіспін. Алаш қозғалысы ұйымдық тұрғыда 1925 жылға дейін жұмыс істеді. Ал оның идеясы 50-ші жылдарда да жүріп жатты. Өлген жоқ, тәуелсіз жылдарда қайта бас көтерді. Қазіргі таңда Алаш идеясы тірі деп санаймын. Алаш идеясы халықтың сана- сында, олардың еңбектерінде. Оны Кеңес өкіметі сөндіргісі келді, сөнген жоқ. Қазақ ұлты тірі болса, Алаш елі тірі болады.

Лениннің туған күніне «шалынған» құрбандықтар

Б.Қойшыбаев «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасының орынбасары:

— Ақпан революциясы отарға айналдырылған елдер алдында тама- ша саяси мүмкіндіктер ашты. Импе- рия халықтарымен бірге қазақ та өзінің жоғалтқан мемлекеттігін қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болатынын түсінді. Революциялық ұйымдар құрылды, алғашқы жиындар, съездер өтті. Ресейдегі мұсылман одағының жұмысына қатысты. Алғашқы 17-ші жылғы съезде, мұсылмандар қоғамы атқару комитеті төрағасы орынбасары болып қазақтан Жанша Досмұхамедов сайланды. Жанша Петерборда жұмыс істеді. Сонда Ресейдің уақытша заң шығаратын органына предпарламентке мүше болып, болашақ мемлекеттік құрылым қандай болады деген заң жобасын жасауға атсалысты және Қазан төңкерісін өз көзімен көрді. Сөйтіп, орыстардың өзара ырылдасуы деп бағалады. Содан міне, Петербордан қазақ даласына анархия келе жатыр деп есептеп, соған қарсы тұру үшін қазақ автономиясын шұғыл түрде жариялау керек деп топтың басында тұрды. Оның тарихын барлығымыз білеміз.

8f5fbd9c-a66d-4e31-ac3d-8f7664c68c56_w650_r1_s

Қазан төңкерісінен кейін большевиктер өздерінің жазалау аппаратына ылғи төзбеушілік отын үстемелеп салып отырды. Соның салдарынан біздің интеллигенция жазалаудан көз ашқан жоқ. Бүгіндері біз Алаш қозғалысы деп атайтын Ұлт-азаттық қозғалысқа, оған қатысушыларға зобалаң туғызды. Әсіресе Алаш қозғалысының алған биік шыңы, Алашорда халық кеңесін құрушылар мен ниеттес болғандардың барлығына қырғидай тиді. Баршаңызға белгілі, Алаш ісі деген соттар болды. 30-шы жылғы сәуірдің басында Ахмет Байтұрсынов бастаған қырықтан астам адам сотталды. Оның төртеуі — мәдениет қайраткері Дінмұхамет Әділов, жазушы Жүсіпбек Аймауытов, журналист Ахмет- сапа Юсупов, әдебиетші Әбдрахман Байділдин — 21 сәуірде ұлы Лениннің туған күні қарсаңында құдды бір құрбандыққа шалынғандай болып атылып кетті. Ал 32- ші жылы қалған топ сотталды. Мұхаметжан Тынышбаев бастаған үлкен топ жер ауда- рылып, сотталып кете барды, — деп, 30- шы жылдардағы Ұлт-азаттығы үшін болған көтерілісте жазықсыздан-жазықсыз сотта- лып, «Халық жауы» деген айып тағылып, аяусыз өлім жазасына кесілген Алаш қозғалысына қатысушылардың бастан кеш- кен қуғын-сүргіндері туралы және Абыралы көтерілісінің басшысы Ысқақ Кемпірбаевтың көтерілісшілерге айтқан сөзін егжей-тегжейлі баяндап берді.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми қызметкері, профессор Айгүл Ісмақова Алаш саяси элитасының көсемі Әлихан Бөкейхановтың Алашорда үкіметі төрағасы болуына кішкентай кезінен өзінің бойындағы көшбасшылық сезімі мен халқына қызмет етуге деген ынтасы себеп болғанын айтты. Әлихан Бөкейхановтың ғылыми негізі бар жазбаларына тоқталды. Небәрі 20 жасар қазақ жігітінің студенттік ортада, саяси ортада елін, жерін қорғап, қазақтың мүддесін айтқандығы жөнінде, сонымен қатар барлық мұсылман халықтарының жағдайын ойлап, олардың басын біріктіре алды.

Иә, Әлихан Бөкейханов бала кезінен алғыр, білімді, ер мінезді болып өскендігі та- рихтан белгілі. Оның халқына деген, ұлтына деген сүйіспеншілігі бәрінен жоғары болды десек, қателеспейміз. Ол қазақтың XX ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, Алаш саяси элитасының көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы, сондай-ақ ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы болған. Бұдан бөлек Әлихан Бөкейхановтың тарихшы, этнограф, ғұлама ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист, көрнекті қоғам қайраткері екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Оның көптеген мақалалары, кітаптары, көптомдық энциклопедиялары жарық көрген. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қазақтың азаматына тән қасиеттердің барлығы дерлік бір өзінің бойында тұнып тұрғандай сезіледі.

Үкіметтің арнаулы қаулысы керек

Тағы да осындай қазақтың айдай маңдайына біткен нар тұлғалардың бірі — ақын, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, халқының абзал азаматы Ахмет Байтұрсынұлы. Оның «Қырық мысал», «Маса» сынды еңбектері жүрегімізден ойып тұрып өз орнын алғаны қашан?! 1913 жылы жақын достары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтармен бірігіп «Қазақ» газетін ашып, сол жерде редактор қызметін атқарды. Ол бар ғұмырын халқына адал қызмет етуге арнады, әрдайым шындықты қолдады. Сондықтан да асыл азаматтың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.

8cc254cb75cee5f344865dc5027478dd_resize_w_520_h_

Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры:

— Үкіметтік қаулы керек емес деп кесіп айту дұрыс емес. Үкіметтік қаулы керек. Қай-қайсымызда қандай жұмыс істемейік, барлық мәселе қаржыға келіп тіреледі. Ал қаржыны қалтасынан шығаратын жомарт жандар аз. Болған күннің өзінде, Ахмет Байтұрсынұлының мына «Қара бұлт. Қара бұлт төніп келеді де, шөлдеп тұрған жерге жаумай, өзен мен көлге құяды» деген сөзі сияқты, біздің байлар да сондай, — дей келе, мұражайдың қоғамдық қордан әлі мемлекет қарамағына өтпегендігіне күйінді. Сондай-ақ оның айтуынша, Алаштың 100 жылдығы мен Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығын атап өткізу үшін жастар үкіметтің назарын аударған. Нақтырақ айтсақ, «Қамшы» порталының тілшісі Нұрғали Нұртайдың «Мемлекеттік ірі қоғам қайраткері мемлекеттің қарауынсыз тұр» атты мақаласы үкіметтің назарын аударып, осыдан кейін Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов мұражайға арнайы ат басын бұрған.

Деректерді нақты келтірсек екен

Светлана Смағұлова, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсти- туты директорының орынбасары:

— Алаш тарихын айтқан кезде ең бірінші Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтай азаматтарды еске аламыз. Бұл аталған қайраткерлер ХХ ғасырдың басында қалыптасқан ұлт зиялыларының %d1%81%d0%b2%d0%b5%d1%82%d0%b0топ басшысы болып, ұлттың ұлттығын сақтауда бар күштерін салды. Бірнеше ғасырға созылған империялық билікке қарсы өздерінің ірі идеяларымен шықты. Ғылыми зерттеулер жүргізді, оқулық жазды, қарымды қаламдарымен көпшілікке ой салды. Бұл зиялылардың әрқайсысы бір төбе. Қазақ қоғамымызға тигізген еңбегі зор. Осы үш азаматтың идеясын көтеріп, оны жүзеге асыруда, Алаш қозғалысының іргесін қалауда бар күшін салған бізде қайраткерлер көп. Оларға ниеттес болған азаматтар да жетеді. Бірақ осы азаматтарымызды өз деңгейінде ұлықтап жүрміз бе? Соңғы кез- дерде баспасөздер мен телеарналарда Алаш қозғалысының 100 жылдығына бай- ланысты бағдарламалар жүргізіліп жатыр. Сол бағдарламаларда «Алаш қозғалысы әлі өз деңгейіне дейін зерттелінген жоқ», «Мына тарихшылар қайда қарап жатыр» деген ойлар жиі айтылады. Өкінішке қарай, соңғы кездері осындай мәселелердің байыбына бармай айта салатындардың қатары көбейіп келе жатқаны немесе жоқ нәрсені бар қылып көрсететін тарихи оқиғалардан мүлдем ха- бары жоқ адамдардың өтірік сөйлейтіндері бізді қынжылтып отыр. Әсіресе Алаш қозғалысына байланысты. Сол себептен, архивты құжаттарға, тарихи оқиғаларға ден қойып, соларды оқыса деген біздің тарих- шылар тарапынан өтінішіміз.

Әскер жасақтауда қандай қиындықтар болды?

Болат Мүрсәлім, журналист әрі филолог:

— Әрбір істің өз қиындықтары бар. Ал осы Алаш әскерлерін жасақтауда қандай қиындықтар болды? Алаш әскері дегенде, бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан бастап, Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш b6ff214c4b52ab53cdd84d5f4538a14cқайраткерлері қазақ жігіттерін әскер қатарына алу мәселесін көтерді. Бірақ патшалық Ресей бұған қарсы болды. Қазақтардың әскер қатарында болуына сенімсіздік білдірді. Сонымен қатар, сол кезде Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов және басқа да «Қазақ» газетінің маңындағы азаматтар бұл қазақтан әскер алған жағдайда үлкен бір түсініспеушілік, дау-дамай болатынын да ескертіп өтті. Себебі ол кезде қазақтарда паспорттау жүйесі жоқ, метірке бірінде болса, бірінде жоқ еді. Бұл жайында Мәмбет Құлжабайұлы өзінің моно- графиясында өте жақсы ашып жазған. Кейін патша тақтан құлаған 17 жылы қазақтың милициясын жасақтау мәселесі қайта көтеріледі. Сол кезден бастап, әлі құрылтай мәжілісіне сеніп жүрген сәттің өзінде, Алаш қайраткерлері қазақты бүлінушіліктен қорғау, ел арасына іріткі түскен жағдайда алдын алу мақсатында алаштың милициясын жинайық деген ұран көтереді. Алайда бұл мәселені съездерде, бас қосқан жиын- дарда, баспасөзде қанша айтылып жатса да, милиция жиналған жоқ. Сөйтіп, билік басына большевиктік билік келеді. Сол кезде Орынборда қазақ съезінде Алаш милиция- сын жинау туралы қайтадан қаулы шығады. Бірте-бірте жер-жерде большевиктердің билігі қарқын алып кеткен кезде, ол да жиналмай созылып, 18 жылдың көктемінен бастап құрыла бастайды.

Ең қызығы, бейбіт институт ретінде құрылады деген Алаш милициясы большевиктік билік жағдайында әскерге айнала бастады. Бұл әскерді үйрету үшін казак офицерлері шақырылды, әртүрлі ойын-жаттығулар ұйымдастырылды. Себебі қазақ офицерлері саусақпен санарлықтай болатын. Соған қарамастан, қазақтар атты әскерге өзінің азаматтарын берді. Бірақ, тіпті, бір уездің өзінде қарама-қайшылық пікірлер көп болды. Өйткені 16 жылғы болыстардың бұрмалап, жасы үлкен ақсақалдардың өзін тыл жұмысына аттандырып жіберу сынды әділетсіздіктерді көріп қалған қазақ өзінің баласын әскерге бергісі келмеген жағдайлар жиі кездесті. Арнайы адамдар сол балаларды әскерге алу үшін, арнайы отрядтарды жіберіп, күштеп әкелген. Ең соңында, Алаш әскері большевиктерге қарсы бірнеше ұрыстарға қатысты. Кейіннен бұл ұрыс тоқтап, советтермен ымыраласу кезеңі басталған кезде, ақ гвардияшыларға қарсы ұрыстар жүргізуге мәжбүр болған. Себебі осы кезде Алашорда екі оттың ортасында еді. Міне, әскер жасақтау осындай қиын жағдайды басынан өткерген.

Гүлжайна Саяқбаева