Алаш жылнамасы
1905 жыл, 26 маусым — Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетінде сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған петиция (құзырхат) жолданды.
1905 жыл, 15 тамыз — Нижний Новгород қаласында Бүкілресейлік мұсылдардың I сиезі өтті.
1905 жыл, 17 қазан — Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мектепте ана тілінде оқу еркіндігіне т.б. рұқсат берген манифест жариялады.
1905 жыл, 6-13 қараша — Мәскеуде жергілікті жер және қала қайраткерлерінің сиезі өтіп, мұнда Ә.Бөкейхан сөз сөйледі. Ресми үкімет «А.Байтұрсынұлының 46 мысалын бастыруға рұқсат бермей жатқанын» жеткізді.
1905 жыл, 19 қараша — I автономшылар сиезінде М.Тынышбаевтың «Киргизы и освободительное движение» атты баяндамасы оқылды.
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
«Алаш қозғалысы»