Алаш жылнамасы
1912 жыл — Орынборда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп етілген қазақша алифпа» еңбегі жарық көрді.
1912 жыл — Қазанда М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
1913 жыл, 2 ақпан — Орынбордағы Кәрімов-Хұсаинов баспаханасынан «Қазақ» газетінің 1 саны шықты. Бас редакторы — А.Байтұрсынұлы.
1913 жыл, 23 мамыр — «Қазақ» газетінде Х.Досмұхамедұлының «Алаш не сөз?» атты мақаласы жарияланды.
1913 жылы — «Айқап» журналында Ж.Сейдалиннің «Азып-тозып кетпеске амал барма?» атты мақаласы жарияланды.
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
«Алаш қозғалысы»