«Алаш зиялыларының Санкт-Петербургтағы іздері» атты көрме Қарағанды қаласының мектептерінде өтуде
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және «Алаш» қайраткерлерінің мерейтойларына арналған «Алаш арыстары. Санкт-Петербург іздері» кітабының желісімен дайындалған көрме қойылды. Бұл көрменің өскелең ұрпаққа берері көп.
Іс-шараға Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Есентай Әшімов, ҚарМУ «Тұлғатану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Нұрсахан Ахметқызы, КарУ проректоры Мейржан Сыздыков «ЖАС МЕДИА» клубының мүшелерімен кездесіп, оқушылармен қазақ зиялыларының өмірінен деректер келтіре отырып, сұхбат жүргізді.
Аталған іс-шара қалалық № 34 мектепте, Ә. Бөкейханов атындағы орта мектепте, Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың мұражайларында ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушыларға Алаш қайраткерлерінің ел үшін жасаған еңбектері жөнінде баяндалды.
Жылжымалы көрмені 8-9 сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің арқасында саяси қудаланған Алаш зиялыларының рухани мұраларын және олардың Санкт-Петербургтегі студенттік өмірі мен саяси күрес жолына түсуінің басты себептері жайлы дәріс оқылды. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің жетістіктеріне ерекше тоқталумен айтулы жетістіктер жайлы баяндалы.
Жылжымалы көрме қаланың басқа да мектептерінде Тәуелсіздік күніне дейін жалғасатын болады.
Жомарт Шаймұрат