«АЛАШТЫҢ ДАУЫЛПАЗ АҚЫНЫ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҮРДІС»
Қарағандыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «АЛАШТЫҢ ДАУЫЛПАЗ АҚЫНЫ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҮРДІС» тақырыбында республикалық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті
Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды жоғары гуманитарлык колледжінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «АЛАШТЫҢ ДАУЫЛПАЗ АҚЫНЫ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҮРДІС» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: қазақ әдебиетінің даму тарихына айтарлықтай үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таным таразысына салып зерделеу, зерттеу. Өскелең ұрпақты ақынның асыл мұралары арқылы ұлттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу.
Конференция жұмысы екі секциялық бағыт бойынша жүргізілді.
Бірінші бағыт: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (ақынның өмірі мен шығармашылығы, азаматтық, қайраткерлік бейнесі, поэзиядағы жаңашылдығы туралы); Екінші бағыт: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» (ақын шығармаларын қамти отырып, ақынның қаламгерлік, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашылық қырлары жөнінде).
Ғылыми-практикалық конференцияға 100-ден аса жұмыс пен өтінім келіп түсті, оның ішінде колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері – 17, колледж студенттері мен мектеп оқушылары – 83. Сонымен қатар конференцияға республикамыздың басқа да өңірлерінен – Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Орал, Қызылорда қалалары мен елді мекендерінен де – мақалалар келіп түсті.
Конференция жұмысының пленарлық бөліміне Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директоры Абдикерова Бакитгул Химальдиновна; «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Амиров Есжан Сарманкулович; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жарылғап Жансая Жаңғазыұлы; С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Рахымжанның Қасымы» поэтикалық-музыкалық драмасының сценаристі Кеңес Жұмабек Наримбаевич; айтыскер, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесінің басшысы Жұмағұлов Айтбай Ботбайұлы; республикалық «Қасым» әдеби-қоғамды журналының Бас редакторы Серік Сағынтай; Қасым Аманжолов ауылдық округі, Талды ауылының жалпы білім беретін №19 тірек мектебінің директоры Оспанкулов Мақсат Зейнелович; Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы Телпекбаева Сандуғаш Орынбайқызы қатысты.
Жомарт Шаймұрат