Алатау баурайында алтын жауған күн

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Қысқы Универсиаданың бүгінгі күні  Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті өтіп жатыр. Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың бесінші алтын медалін алып берсе, могулдан жарыста Павел Колмаков қола жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында могулдан Юлия Галышеваның бағы бен бабы қатар шауып, Универсиаданың алтын медалін мойнына тақты. Айта кетейік, финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медаль ресейлік Анастасия Первушинаға (62.13), ал қола австриялық Катарине Рамзауэрге (52.05) бұйырды.

%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d1%88%d0%b5%d0%b2%d0%b0
     Юлия Галышева

Рет бойынша құраманың үшінші алтын жүлдесін биатлоншы бұрымдымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайсында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды. 

photo_377

Биатлон. Қыздар. Спринт. 7,5 шақырым

1. Галина Вишневская (Қазақстан) — 21:43.1 (1+0)
2. Яна Бондарь (Украина) — +22.8 (1+1)
3. Анастасия Егорова (Ресей) — +36.7 (1+0)
7. Дарья Усанова (Қазақстан) — +1:06.0 (1+2)
8. Анна Кистанова (Қазақстан) — +1:11.1 (0+2)
12. Алина Райкова (Қазақстан) — +1:31.1 (0+1)
18. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +2:45.3 (2+2)
21. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) — +3:05.8 (1+2)

Бұл Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді. Жеңіс құтты болсын, алған алтындарымыз берекелі болсын, Қазақ елі!

Дереккөзі: Vesti.kz

Суреттер: almaty2017.com және @cache.net