АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Қазіргі қоғамда кеңінен таралып келе жатқан қылмыстардың түрлері ол алаяқтық қылмысы.
Статистикаға келетін болсақ, а.ж. өткен кезеңінің өзінде 22 алаяқтықтың қылмыс, оның ішінде 10 интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмысы тіркелді.
Сонымен қатар, 2 әйел азаматы пәтер және несие алып берем деп өздерінің 6-ы бірдейтаныстары мен туыстарын алдап алаяқтық жолмен ақшалай қаражаттарын жымқырған.
Соныдықтан, пәтер, жер, қайтарымсыз несие, көлік, балаларыңызды оқуға түсіремін және т.б. құнды заттарды алып бере аламын деген алаяқтардың құрбаны болудан сақтаныздар, яғни пәтер, жер, мемлекеттің тарапынан берілетін несиелер мен т.б. керекті мұқтаждарыңызды тек заңмен белгіленген тәртіп шегінде мемлекеттік немесе құзырлы органдардан аласыздар.
Сондай-ақ, ғаламтор желісі кеңістігінде алаяқтық жасаудың алдын алу мақсатында,аудан прокуратурасы ғаламтор-алаяқтардың жиі кездесетін жағдайлары туралы ескертеді.
Аудан прокуратурасы тұрғындарды онлайн платформалар арқылы тауарлар сатып алуда сақ болуды сұрайды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты, арампиғылдылар тауарларды сату және айырбастау үшін әлеуметтік желілермен онлай нплатформаларын пайдаланып, біреудің мүлкін ұрлауға кірісті. Жиі кездесетін алаяқтық-жоқ тауарларды нарықтан төмен бағамен ұсынып сату.
Сонымен қатар, пәтерлермен автокөлік сатыпалу саласында алдау жиі кездеседі. Бұл жағдайда жеңіл ақшаны ұнатушылар арзан бағаны көрсетіп алдын-ала төлемді талап етеді. Ал,сатып алушылар,арзан бағаға қызығып қаражаттарын аударып, алаяқтың құрбаны болғанын білмей жатады.
Осыған байланысты өте мұқият және сақболуды ұсынамыз: сіз ешқашан банктік картаңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын ақпаратты бермеңіз, ешқашан Ғаламтордағы тауарларға депозит жасамаңыз,сатып алу жасамас бұрын ғаламтор-дүкеннің беделін мұқият тексеріп шығыңыз, Ғаламтордағы күмәнді байқауларға қатыспаңыз, олар сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді, егер банктің бастамасы бойынша қоңырау шалынған болса, банк қызметкерімен сөйлесуден бастартыңыз, мұндай жағдайда банккартасының артқы жағында немесе банктің ресми сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалыңыз.
Құрметті аудан тұрғындары алаяқтың құрбаны болмау үшін жақындарыңыз бен туыстарыңызды ескертіп жүрулеріңізді сұранамыз.

Сарысу ауданы прокуратурасы