Алдағы Съезге Жамбыл облысынан 19 делегат сайланды

Бүгін Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалында Саяси кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Филиал төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиын барысында партияның кезектен тыс ХХІІ Съезіне Жамбыл облысынан қатысатын 19 делегат анықталды.

Отырыс барысында Бердібек Машбекұлы қаңтар оқиғасынан кейінгі зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарының жүйелі жүріп жатқанын, барлық жөндеу жұмыстарының сәуір айының соңына дейін толық аяқталатынын айтты. Бұдан бөлек, өңір басшысы жауапты тұлғаларға Jas Otan Жастар қанатының  жұмысын күшейтуді, NEET санатындағы жастарға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.

«Алдағы Съезд партия трансформациясына мұрындық болмақ. Сонымен қатар қазіргі Қазақстан тарихында ел дамуының, оны демократияландырудың және партиялық-саяси жүйені қайта құрудың келесі даму кезеңі ретінде тарихта қалады деп ойлаймын», – деді Бердібек Сапарбаев.

https://turkystan.kz/article/169141-nur-otan-kezekten-tys-hhii-sezine-zhambyldan-19-delegat-saylandy/