Алдымызда аса күткен ұлық мейрам «Құрбан айт» келе жатыр.
Қайрылы күн құрметті қала тұрғындары!
Нұр-сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-сұлтан қаласында енгізілген қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзарту туралы» қаулысымен, Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен аурушаңдықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты қатаң шектеу карантиндік шараларының әрекеті 2 тамызда сағат 00.00-ге дейін ұзартылды.
Сондықтан, Құрбан айт мерекесінде жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы аудандық әкімдіктерімен арнайы белгіленген орындарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды. Мешіттер халықтың жапай жиналуын болдырмау мақсатында жабық болады.
Қала аумағында санитарлық бақылау мен қадағалау күшейтіледі.
Қазіргі уақытта алыстан немесе тұтынушының тапсырысы бойынша құрбандық шалу алгоритмі барлық үдерістің санитарлық талаптарды сақтауын ескере отырып пысықталуда.
Мал сою орындарында санитарлық талаптардың сақталуын санитарлық және ветринарлық қызмет мамандары қамтамассыз етеді.
Барлық басқа жерлерде мал сатуға және жеке секторларда құрбандық шалуға тыйым салынады.
Сонымен қатар біз тұрғындарды жақындары мен туыстарына айттап барудан, көпшілік жиындардан бас тартуға шақырамыз.
Анықтама ретінде. Мал сою орындарына қойылатын келесі негізгі санитарлық талаптардың болуына назар аудару қажет:
— аумақты шаңнан суару және забой орындарының аумағын санитарлық тазалауды және абаттандыруды қамтамасыз ету;
— сою қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерді орнату. Іс-шара өткізу кезінде терілерді жинаудың арнайы бөлінген орнын ұйымдастыру, оларды терілерді қабылдау пункттеріне шығаруды қамтамасыз ету;
— сумен қамтамасыз етуді және су бұруды пунктке жеткізу;
— персонал мен келушілерге арналған мүкәммалды санитарлық өңдеу мен дезинфекциялауға және қол жууға арналған құрылғымен жабдықтау;
— забойшыларды арнайы киіммен (алжапқыштар, қолғаптар, бас киімдер, резеңке етіктер) және ЖҚҚ (маскалар, қолғаптар, тері антисептиктері) қамтамасыз ету, санитарлық кітапшалардың болуы;
— адамдардың, қызметкерлердің жаппай жиналуына жол бермеуді ескере отырып, жұмыс орындарында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету;
— етті сақтауға арналған тоңазытқыш қондырғыларының болуын қамтамасыз ету.
-рұқсат құжаттарынсыз (ветеринариялық анықтама немесе вет-куәлік) белгіленбеген жерлерде малды заңсыз сою және ет өнімдерін сатуға жол бермеу.
— ет жеткізуді тұтынушымен қарым-қатынасты болдырмайтын барлық талаптарды сақтай отырып, өзі алып кетуге тыйым салумен ұйымдастыру.
Жыл сайын Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі мал сою үшін келесі мал сою цехтарын анықтады:
1. «Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары»),
Н. Тілендиев даңғылы, 24;
2. «Темеш» ШҚ, Астана а/ж – Софиевка 7 км;
3. ЖК Есжанова А.» Жайлау», Алаш тас жолы, Ц 313;
4. «Метро» СҮ (Нұр-сұлтан — Қарағанды трассасы)
5. «Нұрбереке-555» ЖШС Алаш тас жолы 30 («Көк базар» базарының артында»)
6. «Шаушен» ШҚ, «Нұр-сұлтан-Павлодар» а/ж, 9 км
7. Қосшы кенті жанындағы «Алтын-Таға» базары.