Әлем чемпионы — Мәжілісте!
Астанада бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде Толғанай Қасымхан қызымыз алтыннан алқа таққан еді. Артынша Арменияның астанасы Ереван қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Әнұранымызды әуелетіп, еліміздің абыройын асқақтатты.
Көп балалы отбасынан шыққан қаракөзіміз енді олимпиадалық ойындарда бақ сынамақ.
Алматы облысының тумасын Арқа төсінде арнайы құттықтадық. Алдағы байрақты бәсекеде олжалы оралуын тілейміз. Спортшымызға сәттілік пен жеңіс жолдас болсын!