Әлемде ең көп жалақы алатын жаттықтырушы белгілі болды

Францияның L’Equipe спорт газеті футбол жаттықтырушыларының жалақысына рейтинг жасады.

Рейтингтің қорытындысы бойынша Аргентина құрама командасының экс-футболшысы, Мадрид қаласының «Атлетико» клубының бас жаттықтырушысы Диего Симеоне әлемде ең көп жалақы алатын жаттықтырушы болып танылды.

Спорт басылымының мәліметіне қарағанда, Симеоне жылына 34 млн еуро жалақы алады. Одан кейін тізімде «Манчестер Сити» клубының испан маманы Пеп Гвардиола тұр. Ол 22,4 млн еуро алатын болып шықты. Ал үштікті «Ливерпуль» жасағының бас жаттықтырушысы, германиялық Юрген Клопп түйіндеді. Германияның өкілі жылына 17,8 млн еуро алады.

Жалпы, көп жалақы алатын жаттықтырушылардың тізімі мынадай:

1. Диего Симеоне (Аргентина, «Атлетико Мадрид») – жылына 34 миллион еуро;

2. Пеп Гвардиола (Испания, «Манчестер Сити») – 22,4 миллион еуро;

3. Юрген Клопп (Германия, «Ливерпуль») – 17,8 миллион еуро;

4. Грэм Поттер (Англия, «Челси») – 13,5 миллион еуро;

5. Массимилиано Аллегри (Италия, «Ювентус») – 12,8 миллион еуро;

6. Томас Тухель (Германия, «Бавария») – 12 миллион еуро;

7. Карло Анчелотти (Италия, «Реал») – 11 миллион еуро;

8. Симоне Индзаги (Италия, «Интер») – 10 миллион еуро;

9. Жозе Моуриньо (Португалия, «Рома») – 9,2 миллион еуро;

10. Хаби Алонсо (Испания, «Байер») – 5 миллион еуро;

11. Нико Ковач (Хорватия, «Вольфсбург») – 4 миллион еуро;

12. Хави (Испания, «Барселона») – 3,8 миллион еуро.

arainfo.kz