Әлемдегі ең қымбат 10 сағат
Сағаттың арқасында уақытты реттеп үйрендік. Дүниеде тәртіп пайда болды. 3,5 мың жылдан бері адамзат сағат пайдаланып келеді. Олардың бағасы да адамдардың атақ-дәрежесіне, байлығына, санатына байланысты қымбаттай берді. Бүгінгі ең қымбат қол сағаттарының бағасына шағын арал сатып алуға болады. Әлемдегі ең қымбат 10 сағатқа тоқталайық.
Сағаттардың шығу тарихы
1. Piaget Emperador Temple
Бағасы: 3,3 миллион доллар
18 карат алтын, көптеген гауһармен безендірілген сағаттың қақпағына 481 гауһар орнатылған. Әлемде бұл сағаттардың тек екі данасы бар. Біреуі сатылған.
2. Patek Philippe Single-Button Chronograph Watch
Бағасы: 3,6 миллион доллар
Бір қарағанда қарапайым көрінетін хронограф 1928 жылы француз графының тапсырысымен жасалған. Бұл сағат алдыңғы нұсқаға қарағанда әлдеқайда арзан көрінеді. Аталмыш сағатқа 28 асыл тас пен ақ алтын орнатылған. Бір қызығы, 2011 жылғы аукционда сағат үшін нағыз «шайқас» болып, жеңімпаз оған 3,6 миллион доллар төлеген.
3. Patek Philippe Single-Button Chronograph Watch
Бағасы: 3,9 миллион доллар
Патек Филипп шеберлері аноним клиенттің тапсырысымен 1952 жылы платинадан сағат жасаған. Ол 2012 жылы Christie’s аукционында сатылды.
4. Patek Philippe Platinum World Time
Бағасы: 4 миллион доллар
Бұл хронометрдің дизайны мен механизмін Женеваның ұлы шебері Луи Коттер өңдеген. Автономды түрде реттелетін арнайы құрылғы кез келген уақыт белдеуінде нақты уақытты анықтауға мүмкіндік береді.
5. Paris Precision Stopwatch by Breguet & Fils.
Бағасы: 4,6 миллион доллар
Брегет шеберлері сағатты рим және араб цифрларымен жабдықтап, әдемі стильде жасаған. Сағат 18 карат алтын және платинамен безендірілген.
6. Patek Philippe Caliber 89
Бағасы: 5 миллион доллар
Бұл модель компанияның 150 жылдығына орай шығарылған. Сағат мамандары Patek Philippe Caliber 89-ды қымбат материалдардан жасалған ең күрделі сағат деп санайды. Оның әлемде тек сары алтын, қызғылт алтын, ақ алтын және платинадан жасалған 4 данасы бар. Бұл өнер туындысын жасау үшін шеберлер 9 жыл жұмыс істеген.
7. Patek Philippe Reference 1527
Бағасы: 5,6 миллион доллар
Сағаттарды Patek Philippe брендінің иесі Стерндер отбасы тапсырыспен жасайды. 1943 жылы қымбат тастармен безендірілген хронометр көрмеде үлкен жетістікке ие болды: мәңгілік күнтізбе және ай фазаларын көрсету сол уақыттағы жаңалық еді. 2010 жылдың мамырында аноним сатып алушы оларды Christie’s аукционында 5,6 миллион долларға сатып алды.
8. Patek Philippe Henry Graves Supercomplication
Бағасы: 11 миллион доллар
Нью-Йорктегі банкир Генри Грэйвз бұл сағатқа жолдастық пікірсайыста жеңіске жету үшін арнайы тапсырыс берген. Патек Филиптің шеберлері 5 жыл ішінде 900 детальдан тұратын керемет сағат құрастырды. Циферблаттағы жұлдызды аспан Graves-тің Нью-Йорктегі үйінің терезесінен көрінетін жұлдыздардың пішінін қайталайды.
9. 201-carat Chopard
Бағасы: 25 миллион доллар
Бұл сағат зергердің шеберлік шыңы. Кішкентай циферблат сирек кездесетін гауһар қаптаманың астында орнатылған. 874 тастың жалпы салмағы – 200 карат.
10. Joaillene Manchette
Құны: 26 миллион доллар
Швейцариялық Jaeger-LeCoultre сағаттары өте берік. Мұнда бастысы сағат емес, алдымен жұрт назарына ақ алтыннан жасалған, 576 гауһар және 11 оникспен безендірілген керемет лента көзге түседі.
Т. Раушанұлы
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/64689/