«Әлеуметтік азық-түлік бұрыштары ашылды!

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандағы ірі сауда дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсіруге жол бермеу бағытында және аз қамтылған отбасыларға арналған төмендетілген бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бұрыштарын ашу бағытында, Тараз қаласындағы тұрақтандыру қорымен, Жамбыл ауданының шаруа қожалықтарымен және көтерме сауда нүктелерімен жұмыстар ұйымдастырылды.

 

 

Бүгінгі күнге «төмендетілген бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бұрыштары» Жаңатас қаласының 6 сауда нысанында (1 шағын ауданында орналасқан «Нұрай» және «Шадияр» дүкендерінде, орталық базарда «Шолпан» сауда орталығында, 3 шағын ауданында «Заңғар» сауда орталығында және Дегерез елді мекеніндегі «Ажар» сауда орталығы, 2 ша,а жеміс-жидектер дүңгіршегі-ЖК Сағындықова), Байқадам а/о 2 сауда дүкенінде, Жайылма мен Жаңаарық ауылдық округтерінде 1 сауда дүкендерінде ашылды. Қажетті тауарлар қойылатын сөрелерге арнайы жазылған жазба баннерлері ілініп, азық-түліктер төмендетілген бағамен қойылды (картоп, сәбіз, пияз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, тұз, құмшекер).

 

 

Бүгінгі күнге Тараз қаласындағы көтерме сауда нүктелерімен және Жамбыл ауданының шаруа қожалықтарымен келіссөздер жүргізіліп, ауданға 31 тонна картоп (сатылу бағасы – 60-90 тг), 8,5 тонна пияз (сатылу бағасы — 60), 3,5 тонна сәбіз (сатылу бағасы – 140 тг), сонымен қатар Тараз қаласындағы Тұрақтандыру қорынан 4 тонна ұн (сатылу бағасы – 6 500 тг), 1,5 тонна күріш (сатылу бағасы – 250 тг), 6 тонна құмшекер (сатылу бағасы — 200) өнімдері арзандатылған бағада әкелінді. Аталған тауарлар келуіне байланысты ашылған әлеуметтік бұрыштарға жүйелі түрде жеткізілуде.
Тұрақтандыру шаралары жалғасатын болады».

Сарысу ауданы