Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жаңғыртпақ
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының мәжіліс залында әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жаңғырту концепциясын талқылау, 22 қыркүйекте өткелі отырған Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің алғашқы Форумы туралы және Алматы қаласы бойынша «Қазақстанда өткізілген, үздік әлеуметтік жобалар» қорытындылары туралы пресс-конференция өткізілді.
Жиналысқа Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының басшысы – А. Ахметова, Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің директоры – А.Нарматов және мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығымен қамтамасыз ету бойынша Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі – В.Алаев және Басқарма басшысының орынбасары – М.Б.Отыншиев пен БАҚ өкілдері қатысып, болашаққа бағдар жасау арқылы Концепциялық тұжырымдары туралы айтылды.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай модернизациялау концепциясы, қазіргі ірі интернат үйлерін деинституциялау, аз көлемді жабдықталған ұйымдар желісін кеңейту, көрсетілетін қызметтер бөліктерін монетизациялау және жүйені ақпараттық қамсыздандырумен қамтамасыз ету жүйелерінің қалыптасу механизмін анықтайды..
Ал анықталған, орындалу тапсырмалары: Мәлімдеуден анықтауға дейінгі принцип бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуге өту, қазіргі заман қоғамы мен әр азаматтың сұранысына сай мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, өмірі қиын жағдайдағы азаматтардың қосымша әлеуметтік мұқтаждығын қамтамасыз ету және тағы басқадай нақты тапсырмаларды Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік Бағдарламалар басқармасының басшысы – А. Ахметова берді.
Нұржол Табиғат