Әлеуметтік көмектерге кімдер мұқтаж?
Әлеуметтік көмектер кімдерге беріледі және оның жолдары қандай деген сауалдар қоғамымыздағы тұрмыс деңгейі нашар жандарды толғандыратыны сөзсіз. Әртүрлі деректерге сүйене отырып назарларыңызға мынадай мәліметтерді ұсынғанды жөн көрдік.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес 2016 жылы 1 қаңтарда құрамында 322 адамы бар 77 аз қамтылған отбасына 8,2млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңына сәйкес 2015 жылы 1 қаңтарда 18 жасқа дейінгі 17816 балаға 280,4 млн. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес 2015 жылы 1 қаңтарда 3637 отбасына 55,5 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Әлеуметтік көмек көрсететін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібі айқындалды:
Мемлекеттік білім алу кезеңінде
1) жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші және білім алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедектерге;
3) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмек беруге арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді;
4) тегін медициналық көмек алу.
Сондай-ақ мемлекеттік білім алу кезеңінде
1) көпбалалы отбасынан шыққан балаларға;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттікатаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасынан шыққан балаларға;
3) мектеп-интернат, лицей, т.б. сияқты оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтарға шығыстарды ішінара өтейді.
* Мемлекеттік атаулы көмек мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептеледі және атаулы көмек алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады. Атаулы көмекті алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығы бар.
* 2010 жылы республика бойынша орташа ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 13487 теңге, кедейлік шегі – 5395 теңгені құрайды. Мемлекеттік атаулы және әлеуметтік көмекті тағайындау үшін 2014 жылға 1187,7 млн. теңге қаражат қаралды.
* 2014 жылға үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшін жергілікті бюджетте 68,7 млн. теңге қаралып отыр, бүгінге дейін 969 мүгедек балаға 8,6 мың теңге төленді. Биылғы жылы санаттағы кейбір азаматтардың жеке өтініштері бойынша жергілікті өкілетті органдардың шешімімен 007 бюджеттік бағдарламада материалдық көмекке 186,0 млн. теңге қаралған. Бұл бағдарлама бойынша 2013 жылы ереже қабылданып, жеке санаттағы кейбір аз қамтылған азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы төлемақылар және мерекелік күндерге материалдық көмек төленеді.
Ауылды жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беріледі. 2014 жылға төлемнің бұл түріне 119,0 млн. теңге қаралған.
Мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек түрлері
1) мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер;
2) жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер;
3) жұмыс берушінің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері.
Сондай-ақ мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз етуде есепке алып баспанасыз мүгедектерге үй беру, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орнын құру; мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары.
Студенттердің әлеуметтік пакеті
Негізінде ата-анасы жоқ, денсаулығы нашар, мүгедек не тұрмысы нашар, көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге арналған. Оларға оқу орнының қазынасынан қаржы бөлінеді, тегін тамақ ішуге талон беріледі. Әлеуметтік пакетті іске асыру үшін оқу ақысының 1 пайызы кәсіподаққа аударылады.
«ЕлАнаның» ұсынысы:
«Атаулы көмек» алушы нағыз кедей болуы тиіс. Егер сенің малың, еккен ағашың, бау-бақшаң, үй құстарың болса онда атаулы көмек ала алмайсың. Осыдан оншақты жыл бұрын бұл көмекті халық жаппай ала бастады. Кейін атаулы көмек алушыларды «жалқаулардың көмек айлығы» деп күле қарайтын болды. Тіптен кейбір ауылдардың ақсақалдары бұл көмектен ауыл болып бас тартты. Шынында да өлместің нанын беретін бұл көмек жалқауларды көбейтті. Жұрттың дені жұмыс істемей қойды. Ол адамдардың болашағына балта шабатын еді. Сондықтан сіз де атаулы көмекті алдыңыз. Байығыңыз келсе жұмыс тапқан соң ол атаулы көмектен сіз де бас тартыңыз. Одан да бұл көмек ақшаны денсаулығы жоқ, жағдайы өте нашар алсын.
Тағы бір айтатын мәселе мүгедектерге де еңбек ету пайдалы. «Нұр Отан» партиясы соңғы жылдары мүгедектерге жұмыс тауып беруде көп көмек көрсетті.
«ЕлАнаның» үкіметке өтініші:
1) Қандай көмек берілсе де жемқорлыққа, парақорлыққа жол берілмесе.
2) Халықты еңбекке ынталандыру мақсатында ауыл адамдарына ақшалай көмектің орнына жер, мал берілсе. Ол ұзақ мерзімге берілуі тиіс.
3) Мүгедектерге де осындай ынталандыру шаралары қарастырылса.
4) Дағдарыс, ақшаның құнсыздануы есептеліп, көмектің көлемі ұлғайтылса.
Шаргүл Қасымханқызы