Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсірмеу жолдары талқыланды…

Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу жұмыстары сараланған мәжіліс өткізілді.

 

Аталған мәжіліске мемлекеттік органдардан басқа облыстағы азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға тікелей әсер ететін ауыл шаруашылығының ірі тауар өндірушілері, сауда нүктелерінің, базарлардың, наубайханалардың иелері қатысты.

 

Облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов бағаларды тұрақтандыру мақсатында дүкендерді күнделікті аралап шығуды, тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарларының қорын қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін өндірушілер мен жеткізушілер бойынша жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ «Turkistan» ӘКК» АҚ-ға «Айналым схемасы» шеңберінде тауар өндірушілерге әлеуетті қарыз бөлу мәселесін одан әрі пысықтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

 

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар күнделікті бақылауда және тиісті шаралар қабылданып жатыр.

                                                                                                                                                                                           BAQ.KZ