Әлеуметтік жәрдемақы берілуде
Павлодарда 1582 адамға яғни, 420 отбасына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Әлеумкттік көмек алушылардың саны жыл басында 490 адам болған. Демек тапқан табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың саны артып келеді.
Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Наурыз Бұлтықовтың сөзінше, жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік жәрдемақы табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтарға тағайындалады. Яғни, отағасының тапқан табысын жан басына шаққанда 14142 теңгеден аспаған жағдайда жәрдемақы алуға құқығы бар.
-Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік жәрдемақы табысы төмен отбасыларға ағымдағы жылдың қаңтар айынан беріле бастпды. Жыл басында Қазақстандағы кедейлік шегі 10 682 теңге болған болса, бұл көрсеткіш сәуір айында 11621 теңгеге көтерілді. Одан шілдеде тағы өзгеріс енгізіліп, бұл санды 14142 теңгеге жеткізді. Яғни, бір үйге кіретін табысты отбасы мүшелеріне бөлген кезде 14142 теңгеден аспай қалса оған мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Бірақ біз ондай адамдарды жәрдемақыға сүйеп қана қоймай, жұмысқа орналасып, табыс көлемін ұлғайтуға жәрдемдесеміз, — дейді бөлім басшысы.
Бөлім басшысының айтуынша, АӘК-тің шартты және шартсыз деген екі түрі бар. Шартсыз жәрдемақы дегеніміз — отбасы мүшелері толық еңбекке жарамсыз жағдайда берілетін көмек түрі. Ал, шартты жәрдемақы отбасында кемінде бір адам еңбекке жарамды болса шарт қою арқылы тағайындалады. Яғни, шарт бойынша еңбекке жарамды адам жұмысқа орналасып, өз күштерімен күн көруі тиіс.
– Шартты көмек алты айға белігленеді. Сол уақыт ішінде отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға тырысамыз, дейді маман.
АӘК-ке өтініш беру үшін жинайтын қажетті құжаттар: отбасының әр мүшесінің жеке куәліктері, туу туралы куәліктері, отағасы мен отанасының неке куәлігі, мекен жай анықтамасы мен кірісі туралы анықтама керек. Міне, осы құжаттарды жинап, Павлодар қаласы Бектұров көшесі 115 Б мекенжайында орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына тапсыруыңызға болады. Байланыс телефоны 21-54-72.
Тілеуберді САХАБА.