Алғаш рет ораза ұстайтындарға 7 кеңес

Мұсылмандар үшін ең қасиетті Рамазан айы басталды. Осы айды жеңіл әрі сауапты өткізуіңіз үшін білген ақпаратымызбен бөлісуді жөн көрдік. Сонымен «биыл ораза ұстасам» деп ниет еткен жандар үшін кеңесімізді ұсынамыз:

1. Оразаның басты мұраты — рухани қуаттану
Ораза айында біліміңізді тереңдетуге, рухани құндылықтарға мән беруге тырысыңыз. Сондықтан Оразаның сауабы, рухани маңызы мен денсаулыққа пайдасы туралы кітаптар, хадистер оқыңыз. Дұғалар жаттап, иман жолына бет бұруға маңызды қадам жасаңыз.
2. Сауапты іс жасау
Рамазан айында құлшылық етіңіз, дұғалар оқыңыз, ізгі амал істеріңізді көбірек жасаңыз. Бұл қайырымдылық жасасаңыз, сауабы мейлінше мол болмақ. Сондықтан өзгелерге жақсылық жасау мүмкіндігін қалт жібермей, уақытыңызды барынша ұтымды пайдаланыңыз. Бұл үшін әлеуметтік желіге, таныстарыңызбен бос әңгімеге, пайдасыз іске уақытыңызды шығындамаңыз.
3. Жаман әдеттен бойыңызды аулақ ұстаңыз
Ораза ұстаудың басты шарты ас-судан тартыну емес, жаман әдеттерден бас тарту. Ораза ұстап жүріп, өсек-аяң, ғайбат айту сияқты жаман әдеттерге бой алдырсаңыз, оразаңыз қабыл болмайды.
4. Оразаға дайындық
Оразаны бұрын мүлдем ұстамасаңыз аздаған дайындық жасаңыз. Ауыз бекітудің жеңіл екенін білгенде бойыңызда сенімділік пайда болып, қуанышын сезінесіз.
5. Қиындықтан қорықпаңыз
Күннің ыстығы, аптап күн, күндіз ас-сусыз жүру сізді қорқытпасын. Тіршіліктің ұсақ-түйегі сізді алаңдатпасын. Шын мәнсінде сіздің ерік-жігеріңіз, санаңыз, рухани қуатыңыз одан әлдеқайда мықтырақ. Алла өз құлдарына шамасы жетпейтін сын бермейтінін есте ұстаңыз.
6. Ауыз бекіту, сәресін ішу қуанышын бөлісіңіз
Ауыз бекіту, сәресін ішу сияқты ритуалдар өзіңіз сияқты иманды жандарды біріктіре, рухын күшейте түседі. Мұндай жиындарда айылатын ғибратты әңгімелер бауырмалдыққа, ынтымаққа, иманның күшеюіне ықпал етеді.
7. Бұл қасиетті айға ықыласпен, өз қалауыңызбен келіңіз
Ораза сәнді тренд немесе қоғамда жеңілдік алатын себеп емес, өз жүрек қалауыңыз. Сондықтан да ораза ұстауыңызды ешкімге міндетсінбей, мейлінше қарапайым болуға тырысыңыз. Жамандықтан тиылып, Жаратушыға бір қадам жақындай түсу мүмкіндігін пайдаланамын десеңіз, еш шектеулер мен сылтаулар сізге кедергі болмайды.

Дайындаған — Мирас Кесебаев