Алғыс айту адамның бүтіндігін айқындайды
Адамның бүтіндігі – ойы сөзіне сай, сөзі әрекетке сай болуы. Өмір жарқын болсын десеңіз, жүрек түкпіріне қуаныштың дәнін егіңіз. Аз күнде сол ойдың қаншалықты өзгеріс енгізетінін көресіз:
1. Қазір өміріңіздегі ең жақсы дүниені ойлаңыз, жамандықты айналып өтіңіз. Жақсысын қағазға жазып, сол үшін алғыс айтыңыз.
2. Қазір қолда бар дүниені ойлаңыз, жоққа жыламаңыз. Бар құндылықты қағазға жазыңыз, алғыс айтыңыз.
3. Қандай сәттілік болды, еске түсіріңіз. Сәтсіздікке жуымаңыз. Ұмытыңыз. Сәттілік үшін міндетті түрде алғыс айтыңыз.
«Алғыс айта білу» тәжірибесіне дейін айналамдағы ғажаптарға мән бермей келіппін. Көп дүниені солай болуға тиіс деп қабылдаппын. Бүгінгі өміріме қуанбаппын. Көбіне алғыс айтуға тиісті дүниелерді соған сай логикамен шендестіріппін. Бірақ алғыс сезімін сезінбеппін. Алаң көп болған. Менің бір байқағаным, алаңдайтындай еш себеп жоқ екен. Бұл бар-жоғы өмірдің негізін құрайтын құрамдас бөлшек. Өмірді кеуде кере сүргің келсе, оны қолданбай-ақ қоюға болады. Кез келген жағдай мен құбылыс махаббатқа толы болады. Тіпті бұл мүмкін емес деп ойлаған кезде де. Мен риясыз алғыс айтқанда қуанышқа бөленемін. Қажеттіліктен емес.
Аударған Шынар Әбілдә