Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн ресми белгілі болды

«Kazakh Style» WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Оның келесі қарсыласы Жаңа Зеландияның атынан шығатын ресейлік Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болады. Жекпе-жек 4 қазанда Сиднейде (Австралия) өтеді.

26 жастағы Санкт-Петербургтің тумасы IBF белбеуіне міндетті үміткер.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек биыл 13 шілдеде Лас-Вегаста өтуі керек еді, бірақ қазақстандық боксшының денсаулығына байланысты өтпей қалған болатын.

 Prosports.kz