Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызына айтқан өсиеті
-Құранды толық оқымай;
-Менің және басқа пайғамбарлардың қолдауына лайық болмай;
-барлық мүміндердің разылығын таппай;
-қажылықты өтемей ұйқыға жатушы болма», – дейді.
Айша (Оған Алла разы болсын) анамыз бұған таңданып: «Әкем мен анаммен ант етейін, мен бұлардың барлығын аз уақытта жасай алмаймын» – дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күлімсіреп, былай түсіндіреді: «Бұдан артық нендей оңай нәрсе бар, Айша?!
-«Ықылас» сүресін үш рет, «Фатиханы» бір рет оқып, сен Құранды түгелдей оқыған боласың.
— Маған және өзге пайғамбарларға салауат айтып, сен біздің қолдауымызға лайық боласың.
-Алладан барлық мүміндердің күнәсі үшін кешірім тілеп, олардың разылығын табасың.
-Ал «Субханаллах уәл хам дулиллах уә лә иләһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйн қадир» тәсбихін айтып, сен қажылыққа барған боласың»,-деп жауап беріпті.
Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы